Казахстанский филиал Московского государственного университета имени М.В.Ломоносова

Общие сведения

16.02.2024

  kp.png

16.02.2024

 

Азамат Есенжол

 

Қазақ тілін оқытуды жетілдіреді


М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы биылғы ғылыми кеңестің алғашқы отырысында қазақ тілін оқытуды жетілдіру мәселесін талқылады. Онда жаңа ұстанымның бірі ретінде ҚазТест жүйесіне негізделген әдістемені енгізу қарастырылды.


– Біздің оқу орнынан 2001 жылдан бері 2 300-ден астам жоғары білікті маман түлеп ұшты. Сондықтан біз Қазақ­стан тарихы мен қазақ тілін оқып-үйрену мен оқыту әдістемесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлеміз. Қазақ тілін білу деңгейін арттыру мақсатында филиалда оны жетілдіру бағдарламасы әзірленді, – деді филиал директоры Александр Сидорович.


Қазақ тілін оқытуды жетілдіру үшін ҚазТест жүйесі негізінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін объективті бағалап, болашақ түлектерге одан әрі мемлекеттік қызметке орналасуы және еліміздегі жоғары оқу орындарындағы магистратура мен докторантурада білім алуына мүмкіндік туғызатын әдістемені енгізу мәселесі жолға қойылды. Талапқа сәйкес, олардың қазақ тілі бойынша бі­лі­мі­не ағымдағы бақылауды реттілік­пен қадағалайтын ҚазТест жүйесі енгізіледі.


Бақылау тыңдалым, лексикалық және грамматикалық құрылым, оқылым, жазылым блоктары бойынша жүргізі­ле­ді. Бүгінде барлық оқу бағытында бірінші және екінші курс студенттері үшін ба­қылауды орындау жүйесін енгізудің ал­ғашқы нәтижесі бар. Сту­денттер­дің дені мемлекеттік тілді меңгерудің негізгі және орта деңгейін көрсетті. 


Ғылыми кеңесте оқу үдерісінің тә­жірибелік бағытын күшейту мақсатында аралық бақылау емтиханымен бірдей дең­гейдегі ҚазТест сертификаты болуын есепке алуды енгізу керек деген шешім қабылданды. Сонымен бір­ге филиалдың кітапхана қорын қазақ тіліндегі көркем және оқу әдебиет­тері­мен толықтыру, «Іскерлік қазақ тілі» және «Академиялық жазу» бағдар­ла­ма­сы бойынша факультативтік сабақ ұйымдастыру, сондай-ақ оқыту үде­рі­сінде пайдалану үшін инновация­лық электрондық оқулықты әзірлеу және дайындау қолға алынады.

Қазақ тілінің оқу-әдістемелік база­сын қалыптастыру, жетілдіру және студент­тердің мемлекеттік тілді оқып-үйренуге ынтасын арттыру үшін республикалық, облыстық, қалалық қазақ тілін оқыту және қазақ тілі оқытушыларын қайта даярлау орталықтарымен, айта­лық, ҚазТест, Ұлттық тестілеу орта­лығы, «Тіл-қа­зына» ұлттық ғылы­ми-прак­тика­лық ор­талығы және Ы.Алтын­сарин атындағы Ұлттық білім академия­сымен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.



Возврат к списку


© Казахстанский филиал Московского государственного университета имени М.В.Ломоносова. Все права защищены.