М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Білім

«Экономика» бағыты


«Экономика» бағыты бойынша оқыту ММУ экономика факультетінің базасында (www.econ.msu.ru) жүргізіледі.

ММУ Қазақстан филиалында «Экономика» бағыты 2001 жылы (Филиал қызметі басталған жылы) ашылды.

Бұл бағыттың ерекшелігі студенттерді дайындаудың екі деңгейден, бакалавр бағдарламасынан және магистрлердің екі жылдық бағдарламасынан, тұратындығында. Осыған орай, студенттер бірінші сатыда, негізінен, қолдануға арналған дайындығымен қоса іргелі теориялық білім алады, студенттердің аналитикалық жұмысқа бейімделуіне, ой өрісінің кеңеюіне және шығармашылық ойлауының дамуына зор мән беріледі. Мұның бәрі түлектердің онан ары академиялық жоғарырақ деңгейде білім алуын жалғатыруға немесе кәсіби іспен айналысуына мүмкіндік береді.  Оқу жоспары мен оқыту әдістері жоғарыда саналаманған басымдықтарға негізделіп түзілген.

Экономист студенттер төменгі курстарда дәстүрлі математикалық пәндер блогын – математикалық талдау, сызықтық алгебра, ықтималдық теориясы, математикалық статистиканы оқып-үйренеді. Бұл пәндерден сабақты ММУ-дың ЕМжК, ММ факультеттерінің түлектері жүргізеді. Бірінші-екінші курстарда іргелі экономикалық пәндер кешені микро- және макроэкономиканы, трансформалау үдерістерінің теориясын, экономикалық ілімдер тарихын т.б. қамтиды. Бұл курстарды, негізінен, ММУ экономика факультетінің оқытушылары оқытады.

Сондай-ақ төменгі курстарда жалпыға міндетті гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер – қазақ және шетел тілдері, Қазақстан тарихы, Ресей тарихы, философия, хұқықтану т.б; арнаулы пәндер – демография, экономика тарихы, Қазақтанның өңірлік экононмикасы оқытылады.. Бұл пәндердің көбін Қазақстанның жетекші оқытушылары жүргізеді.

Екінші курстан студенттердің ғылыми жұмыстары курстық жұмыс түрінде басталады. Осыдан бастап олар ғылыми зерттеу саласы мен өзінің мұнан ары мамандану бағытын анықтайды. Оқытушылардың жетекшілігімен әр студент теориялық білімдердің жекелеген саласы немесе Қазақстан мен Ресей экономикасының, әлемдік экономиканың қолданбалы мәселелері тереңдетіліп оқытылады, модельдер түзіледі, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер жүргізеді.

Үшінші курста студенттер арнаулы математикалық пәндер экономометриканы, амал-әрекеттерді зерттеу пәнін оқиды. Іргелі пәндермен қатар қолданбалы экономикалық пәндер бухгалтерлік есеп пен талдау, табиғатты пайдалану экономикасы, қаржы нарықтары т.б. беріледі. Үшінші курстан соң студенттер Қазақстан Республикасының Филиал практикадан өткері туралы шарт жасасқан мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарында практикадан өтеді. Практикадан өтудің бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары әзірленген.

Төртінші курста Филиал студенттері оқуын ММУ экономика факультетінде жалғастырады, ресейлік студенттердің құрамына енеді, ғылыми бағытына қарай әр түрлі кафедраларға бөлінеді. Сөйтіп, студенттердің мамандануы тереңдей түседі, көрнекті ғалымдардың, ММУ оқытушыларының негізгі және қосымша сипаттағы пәндерін жүйелі түрде тыңдауға мүмкіндік алады, ММУ-дың кең ауқымды библиографиялық қорына, интернет көздеріне қол жеткізетін болады.

ММУ Қазақстан филиалын «Экономика» бағыты бойынша бітірген жас мамандардың кәсіби жағынан қажеттілігі іс жүзінде дәлелденген. Түлектер мемлекеттік түрлі орындарда, ұлттық компанияларда, ірі және орта коммерциялық ұйымдарда, жоғары оқу орындары мен зерттеу инстиутттарында еңбек етеді.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.