М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Оқуға түспекшілерге

2016 ЖЫЛҒЫ ММУ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫНА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ [1]



ММУ Қазақстан филиалы бакалавриаты мен магистратура бағдарламалары бойынша бірінші курсына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

ММУ Қазақстан филиалы бакалавриаты бағдарламасының екінші және келесі курстарына қабылдау аттестациялық сынау негізінде жүзеге асырылады. ММУ Қазақстан филиалы магистратура бағдарламалары бойынша екінші курсына қабылдау жүргізілмейді.


Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау


Бакалавриат бағдарламасы бойынша бірінші курсқа оқуға құжаттар қабылдау 2016 жылғы 20 маусымнан басталады және 2016 жылғы 10 шілдеде аяқталады.

Бакалавриат бағдарламасы бойынша бірінші курсқа түсуші бір мезетте ММУ Қазақстан филиалындағы үштен артық емес бакалавриат дайындау бағыттарына жеке өтінішін беріп, конкурсқа қатысуға құқылы. Оқуға түсуші бюджеттік орынға қабылдауға өтініш беру барысында, сонымен қатар, білім беру бағдарламасы аясында бар орындарға оқудың ақысын төлеп оқу келісімі бойынша конкурсқа да қатыса алады.

Бакалавриат бағдарламасы бойынша бірінші курсқа оқуға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. ҰБТ нәтижелері түсу емтиханының нәтижелері ретінде есепке алынбайды.

Түсу емтихандары 2016 жылғы 11 және 24 шілде күндері аралығында өткізіледі.


Магистратура бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау


Магистратура бағдарламалары бойынша оқуға бакалавр дипломы бар немесе жоғары кәсіби білім дипломы бар маман, не болмаса Ресей Федерациясы бакалавр немесе жоғары кәсіби білім дипломы бар маман дипломына эквивалентті деп мойындайтын шет елдің білім құжаты бар азаматтар қабылданады.

Магистратура бағдарламалары бойынша бірінші курсқа құжаттар қабылдау 2016 жылғы 20 маусымнан басталады және 2016 жылғы 19 шілдеде аяқталады. Магистратура бағдарламалары бойынша бірінші курсқа түсуші, басқа оқу орындарына өтініш беруіне тәуелсіз, бір мезетте ММУ Қазақстан филиалындағы үш магистратура дайындау бағыттарына жеке өтінішін беріп, конкурсқа қатысуға құқылы.

Магистратура бағдарламалары бойынша бірінші курсқа қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Түсу емтихандары 2016 жылғы 20-24 шілде күндері аралығында өткізіледі.

ММУ факультеттеріне түсетін Филиал түлектері, бір мезетте ММУ Қазақстан филиалындағы магистратураға түсуге де құжаттарын тапсыруына болады. ММУ факультеттеріне тапсырған емтихандар, ММУ Қазақстан филиалындағы түсу емтихандары ретінде есепке алынбайды.

ММУ факультеттері мен Қазақстан филиалындағы түсу сынауларының кестесін ММУ ректораты 2016 жылғы маусымның басында хабарлайды және сайтта жариялайды.


[1] Нақты түрде ММУ-ге 2016 жылғы қабылдау ережелері

Нақтыланатын мәселелер қосымша хабарланады.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.