М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Оқуға түспекшілерге

Қашықтан жүргізілетін дайындық оқытудың бағдарламасы


М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалындағы Қосымша білім беру Орталығы мектептің жоғары сынып оқушыларын қашықтан жүргізілетін дайындық оқытудың бағдарламасын игеруге қабылдайтынын хабарлайды.


Бағдарламаның негізгі міндеттері:

· жастарға ММУ Қазақстан филиалында дайындалатын бағыттар мен мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру;

- талапкерлердің ММУ-де және басқа жоғары оқу орындарында білім алуына қажетті дайындық деңгейін жоғарылату;

· талапкерлерді ММУ-гі түсу емтихандарының бағдарламаларымен және оқуға түсу шарттарымен таныстыру.

Ағымдағы жылы сабақтар «Математика» пәні бойынша жүргізіледі. Курс 7 тақырыптық бақылау жұмысына есептелінген.

Оқыту сырттай негізде құрылған. Оып жүргендер Бағдарламаның жүргізілу ережелері жөнінде www.msu.kz сайтында таныса алады.

Бағдарламаға тіркелу үшін, оқушы өтінішті форма бойынша толтырып, оны centre-msu@mail.ru электронды поштасына жолдайды.


Одан әрі қарай оқушы (не олардың ата-аналары) бір бақылау жұмысының қақын есеп бойынша төлейді де, оның түбіртегін көрсетілген электронды поштаға жолдайды. Төлемақыны алған соң, оқытушы үш күн ішінде оқушының электронды поштасына алгебрадан 10 есеп және геометриядан 10 есептен тұратын бірінші бақылау жұмысын жолдайды.

Оқушының бақылау жұмысын орындау мерзімі және оны оқытушыға centre-msu@mail.ru  электронды поштаға салып жіберуі бақылауды алғаннан соңғы 15 күнтізбелік күн ішінде өтуі тиіс.

Оқытушының бақылау жұмысын тексеру нәтижесін кері салу уақыты оны орындағаннан кейінгі 7 күн ішінде өтуі тиіс.

Бағдарламаның келесі орындалуы осындай ізбен жүргізіледі. Оқушы, сонымен қатар, алғашқысын орындамай тұрып, ақшасын төлеп, екінші бақылау жұмысын да алуына болады. Екі бақылау жұмысын жолдау аралығы екі аптадан кем болмауы керек.


[нақтырақ]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.