М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Оқуға түспекшілерге
Оқуға түсушілерге қысқаша нұсқау


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалына қалай оқуға түсуге болады

 

1.    Бағытты таңдау.

Қазақстан филиалында бакалавриаттың келесі бағыттар бойынша бес білім беру бағдарламасы ұсынылады: Математика, Қолданбалы математика және информатика, Филология, Экология және табиғатты пайдалану, Экономика. Және магистратураның үш бағдарламасы ұсынылады: Қолданбалы математика, Филология және Экономика.

Бұлардың әрқайсысы туралы нақты ақпаратты мына жерден таба аласыз: >> бакалавриат және >> магистратура. Сіз бір мезетте үштен аспайтын бағыттар бойынша құжаттар тапсыруға құқылысыз.

 

2. Құжаттар пакетін қалыптастыру.

Сіз басты бағыт пен қосымша бағыттарды таңдап болған соң, қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар пакетін дайындауыңыз қажет (>>бакалавриат үшін және >>магистратура үшін).

Назар аударыңыз, құжатта, жеке куәлігінде, орта арнаулы білімі туралы аттестат/дипломда тегі, аты, әкесінің аты жазылуында қазақ тіліне тән ерекше символдар болған жағдайда, нотариалды бекітілген аударма жасау қажет.

 

Аударма үлгісі: Қаһарман Іңкәрұлы Үкіметбеков – Кахарман Инкарулы Укиметбеков.

Егер сіз мемлекеттік емес (жеке меншік) мектеп (мысалы, «Мирас», «Нұр Орда» немесе «Республикалық физика-математика мектебі» АҚ Алматы қ.), мемлекеттік емес (жеке меншік) колледж немесе университет бітірген болсаңыз, сізде оқу орнының білім беру қызметікөрсетге рұқсат етілген лицензияның көшірмесі болуы қажет.

 

3. Құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсыру тәртібі.

Құжаттарды талапкер немесе оның сенім артқан өкілі (қажетті әрекеттерді орындауға сенімхаты болған жағдайда), 20 маусымнан 10 шілдеге дейін мына мекенжайға келіп тапсыра алады: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 11, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы.

 

Құжат тапсыру екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) Анкета-өтініш толтыру және жеке іс қағаздарын жинау – 702 каб.

2) Жеке іс қағаздарын қабылдау комиссиясына тапсыру және емтиханға рұқсатнама алу – 728 каб.

 

4. Түсу сынақтарынан өту.

Қабылдау комиссиясына құжаттар тапсырылып болғаннан соң және емтиханға рұқсатнама алған соң, талапкер түсу сынақтарына дайындалады. Олардың барлығы жазбаша түрде өткізіледі және 4 сағатқа созылады. Бірнеше бағытқа ортақ емтихандар (мысалы, математика немесе орыс тілі) талапкердің неше бағытқа өтініш тапсырғанына қарамастан, бір-ақ рет тапсырылады. Әрбір емтихан үшін максималды баға – 100 балл. 

 

5. Университеке қабылдау рәсімі.

Барлық түсу сынақтары аяқталған соң, жеке бағыттар бойынша талапкер жинаған баллдар жинақталады. Ең жоғары баллдан ең төменгі баллға қарай рейтингік кесте құрылады, солай алғашқы 20 – 27 адам (Қабылдау жоспарын қараңыз) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тапсырысы аясында бөлінген бюджеттік қаржысының есебінен Филиалда оқуға қабылдануға ұсынылады. Егер талапкер бірнеше бағыт бойынша өтіп тұрған болса, онда оған біреуін таңдау ұсынылады.Қорытынды тізім шілденің 23– 25 күндері жасалынады.

Бюджеттік негізде білім алуға жеткіліктіі балл санын ала алмаған талапкерлер, қабылдау комисссиясына ақылы негізде оқуға тіркеу туралы өтінішін қабыладу комиссиясына тапсыра алады (талапкердің жеке қаржысының есебінен). Ол өтініштер бойынша шешімді М.В.Ломоносов атындағы ММУ Орталық қабылдау комиссиясы қабылдайды.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.