М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Оқуға түспекшілерге

ТАЛАПКЕРГЕ ЖАДЫНАМА


Құрметті талапкер!


Сіз әлемге өзінің бай тарихымен және ұлы жетістіктерімен ерекше танымал университеттің - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалына оқуға түсіп жатырсыз. Осыны есте сақтаңыз!


Қабылдау комиссиясына құжаттарыңызды тапсыру арқылы сіз емтиханға кіру рұқсат қағазы мен құжат тапсырғаныңыз туралы қолхат аласыз. Емтиханға кіру рұқсат қағазы мен жеке төлқұжат сізге емтихан тапсыратын күндері ауиторияға кіруге рұқсат беретін құжат болып табылады.


Әрдайым өзіңізбен бірге жеке төлқұжатыңызды алып жүріңіз! Талапкерлерді жеке төлқұжатынсыз емтихан тапсыруға кіргізуге болмайды! Құжаттарды тапсыру мен қайтып алуға, Өтініш беру мен қабылдау комиссиясына апелляция беруге – тек талапкердің өзі қатысуымен ғана рұқсат етіледі.


Түсу сынақ емтихандарының тізімдері мен өтілетін күндерімен зейінмен танысып алыңыз. Өз күш-қуатыңызды өз баөылауыңызда ұстаңыз! Есте сақтаңыз, түсу сынақ емтихандары – оңай сынақтар емес. Егер бір күнге екі емтихан қатар келетін болса, онда сіз басымдығы үлкен бөлімдегі емтиханды тапсырасыз (анкетаға сәйкес). Басқа емтиханды резервтік күні тапсырасыз. Резервтік күнінде тек бір ғана емтихан тапсыруға болады.


Бөлімді таңдауда және басымдықтарды айқындауда ерекше мұқият болыңыз. Емтихандар аяқталған соң, қабылдауға ұсынылатындардың тізімдері көрсетілген басымдықтар негізінде құралады!


Пропускідегі соңғы бес цифр – сіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз. Оны жаттап алыңыз немесе жазып алыңыз (ең дұрысы, оны қолхатқа, егер онда жазылмаған болса, көшіріп жазып қойыңыз) – бұл сізге емтихандардың нәтижелерін білуге мүмкіндік береді. Егер қабылдау комиссиясының стендінде (сайтта) үш не болмаса төрт таңбалы нөмір тұрса, оны сол жағынан нөлдермен толықтыру керек.


Қолхат сіздің қабылдау комиссиясына құжаттарыңызды тапсырғаныңызды растайды. Егер сізге өз құжаттарыңызды қайтып алу қажет болса, сіз құжаттарды тек қолхатты тапсырып ала аласыз. Құжаттарыңызды кез келген уақытты қайтып алуыңызға болады, бірақ оны күннің екінші жартысында жасағаныңыз дұрыс болады.


Әсіресе, емтихандар басталған кезде құжаттарыңызды қайтып алуға келгеніңіз дұрыс болмайды.


Есте сақтаңыз, егер сіз құжаттарыңызды емтихан өтіп жатқан уақытта қайтарып алсаңыз, сіз конкурстан шығарылып қаласыз.


Өқжаттарды қабылдау, емтихандарды өткізу барысы т.б. жөніндегі барлық ақпараттар қабылдау комиссиясының стендінде ілінеді және msu.kz сайтында «онлайн» режимінде қайталанып беріліп отырылады. Қабылдау комиссиясына телефон соғар алдында немесе келер алдында стенд пен сайттың оқуға қабылдау туралы ақпараттарымен жақсылап танысып алыңыз. Қабылдау комиссиясының мазасын алып «Емтихан нәтижелері қашан белгілі болады?» деген сұрақтар қоюдың қажеті жоқ. Ол туралы ақпарат белгілі болғанда, сол бойда стендіге және сайтқа ілінеді.


Әрбір емтихан жүзбаллдық шкаламен бағаланады. Егер сіз емтиханнан «екі» алсаңыз, онда сіз осы емтиханы бар бөлімнің конкурсынан шығып қаласыз. Емтихандар аяқталысымен, бағалар қосылып, кім көп балл жинаса, сол артықшылыққа ие болады.



Егер сіз барлық емтиханды табысты («екіліксіз») тапсырған болсаңыз, бірақ конкурстан өте алмай қалсаңыз, ақылы оқуға үміткер бола аласыз. Соған сәйкес өтінішіңізді қабылдау комиссиясына емтихан аяқталған соң келіп тапсыра аласыз. Сіздің ақылы оқуға қабылданғаныңыз жөнінде Мәскеудегі Орталық қабылдау комиссиясы өтініштердің санына қарай шешім қабылдайды.


Емтихан болардан бір күн бұрын әрдайым кеңес беру жүргізіледі. Сізге осы шараны өткізіп алмай, қатысуыңызды өтінеміз. Кеңес беру барысында емтихан қабылдаушылар алдағы тапсыратын емтихан жөнінде маңызды ақпарттар айтады, ал қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы емтиханның өткізілу тәртібі туралы айтып береді.


Есіңізде болсын, емтихан үстінде мобильді телефон ұстап отыруға, және басқалай байланыс құралдарын алып отыруға (тіпті сөндірулі болса да), таситын компьютерді, калькуляторларды, анықтамалықтарды, шпаргалкаларды пайдалануға қатаң тыйым салынады! Егер сізден осы тыйым салынған құралдар табылған жағдайда, сіз емтиханнан шығарыласыз және сізге «екі» деген баға қойылады!


Аса зейінді және ұқыпты болыңыз! Емтихандарға кешігіп қалмаңыз!


Сізде табыстар тілейміз!


Қабылдау комиссиясы



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.