М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Оқуға түспекшілерге

Қабылдау мерзімі


Магистратураның бағдарламалары бойынша оқуға бакалавр дипломы бар, не болмаса жоғары кәсіби білімі бар маманның дипломы бар, не болмаса Ресей Федерациясында бакалавр дипломына немесе жоғары кәсіби білімі бар маманның дипломына эквивалентті деп танылатын шетелдік мемлекеттің білім туралы құжаты бар азаматтар қабылданады.

Магистратураның бағдарламалары бойынша бірінші курсқа оқуға құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 20 маусымда басталады және 19 шілдеде аяқталады. Магистратураның бағдарламалары бойынша оқуға бірінші курсқа түсуші, басқа оқу орындарына өтініш бергеніне тәуелсіз, бір мезетте ММУ Қазақстан филиалындағы магистрант дайындайтын үш бағыт бойынша құжат тапсырып, конкурсқа қатысуға құқы бар.

Магистратураның бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау түсу сынақ емтихандарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Түсу сынақ емтихандары ағымдағы жылдың 20-24 шілдесінде өткізіледі.

ММУ факультеттеріне түсуге ынта білдірген Филиал түлектері, бір мезетте ММУ Қазақстан филиалына магистратура бағдарламаларына түсуге де құжаттар тапсыра алады. ММУ факультеттерінде тапсырылған емтихандар ММУ Қазақстан филиалына түсу емтихандары болып есептелмейді.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.