М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы

medvedev.jpg

Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.А. Медведев

«...Біздің біліми байланыстарымызда биыл өзінің онжылдығын атап отырған ММУ Қазақстан филиалы үлкен рөл атқарып отыр. Оның ұжымы біздің халықтарымыздың арасындағы сенім мен достықтың нығаюына елеулі үлес қосып, жоғары білікті кадрлар даярлауу міндеттерін табыспен орындауда».


(«Қазақстан және жаңа әлемдегі еуразиялық идея» Халықаралық ғылыми форумның қатысушылары мен қонақтарына жолдаған құттықтау сөзінен.)

Жол басында: қалыптасу мен даму


М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы Қазақстан Республикасының Президенті, Мәскеу университетінің құрметті докторы әрі құрметті профессоры Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Айырықша ескерте кеткен жөн, Нұрсұлтан Назарбаев - ТМД елдерінің арасынан Мәскеу университетінің осындай екі бірдей жоғары атағына лайықты болған жалғыз ғана Президент.

Ресей Федерациясының басшылығы мен ММУ ректоры, академик Виктор Садовничий Қазақстан Президентінің бұл ұсынысын қызу қолдады.

ММУ Қазақстан филиалының ашылу мен қалыптасу үдерісі, шешім келісіммен әрі шұғыл қабылданғанмен, ұзаққа созылды десе болады. Астанадан М.В.Ломоносов ат. ММУ-дың Қазақстан филиалын құру туралы бірінші шешім 2000 жылдың 30 тамызында ММУ Ғылыми кеңесінде қабылданды. 

Сонан көп ұзамай, 2000 жылдың 9 қазанында Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің Қазақстандағы алғашқы ресми сапарының барысында ММУ ректоры академик В.А.Садовничий мен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Қ.Е.Көшербаев Астана қаласында, Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің базасында М.В.Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалын құру туралы Хаттамаға қол қойған болатын. 

ММУ Қазақстан филиалын құру туралы хаттамаға тарихи күнде - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті ТМД кеңістігіндегі анағұрлым тиімді, 2010 жылдан бастап, Қазақстан , Ресей, Беларусь елдерінің Кедендік одағы жұмыс істей бастаған аймақта Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құрып жатқан тарихи күндерде - қол қойылуының өзі ерекше тарихи оқиға болып саналады.

Бір жарым ай өткен соң, 2000 жылдың 1 желтоқсанында Мәскеу университетінің ректоры академик В.А.Садовничий Қазақстан филиалын құру жөнінде бұйрық шығарды. Осымен бір мезгілде Ресей Федерациясының Білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Астанf қаласында ММУ Қазақстан филиалын құру туралы келіскен шешіміне де қол қойылды.

Осы уақыттан бастап нақты оқу үдерісін бастауға дайындалған үлкен жұмыстар жүргізілді. ММУ Қазақстан филиалы Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің негізінде ашылғандықтан, 2000-ыншы, 2001 жылдары және онан кейінгі жылдары Еуразия университетінің ректорлары Мырзатай Жолдасбеков, Сәрсенғали Әбдіманапов, Бақытжан Әбдірайымдар Филиалдың қалыптасуына елеулі үлес қосты. Оқу дәрісханаларын, қажетті материалдық базаны, қаладан сырт жерден келген студенттерге жатақхандан орынды Еуразия университетінің өзі ұсынды.

Дей тұрғанмен, Қазақстан филиалының қалыптасу кезінде көп жағдай оны кімнің басқаратынымен байланысты еді, студенттердің сапалы деңгейде оқуын, шынайы оқу үдерісін ұйымдастыру үшін бұл жайттың маңызы зор ғой.

2001 жылдың 7 наурызында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, академик В.А.Садовничий ММУ Қазақстан филиалының директоры міндетін ММУ проректоры профессор Александра Владимировича Сидоровичке жүктеу туралы бұйрыққақол қойды.

ММУ Қазақстан филиалының қалыптастыру ісіне Қазақстан азаматтары болып саналатын қызметкерлер мен оқытушылар да, Мәскеуден жіберілген ММУ қызметкерлері мен профессорлары да өз үлестерін қосты. Осындай ұжымдаса істеген жұмыстың нәтижесінде Қазақстан филиалы 2001 жылдың 1 қазанында алғашқы оқу жылын табысты бастады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың келуі Филиал өміріндегі атаулы оқиға болды. Оның осы бір тамаша күні айтқан кеңестері мен нұсқаулары біздің қарекетіміздің сипаты мен қағидаттарын шешуші дәрежеде белгілеп берді. Міне, сонан бергі жылдардың бәрінде Филиал ҚР Президентінің сенімін ақтап келеді.

Сонан бері 10 жыл өтті Қазақстант Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылған ММУ Қазақстан филиалы табысты жұмыс істеп келеді. Бұл уақыт Филиалды құрудың Ресей мен Қазақстанның ғылыми және біліми байланыстарының дамуындағы маңызды кезең екенін танытып үлгерді. Қазақстан Президенті көрсеткен сенімді Филиал өз еңбегі арқылы ақтап келе жатыр: оның жүздеген түлегі табысты жұмыстар атқарып, Қазақстан дамуына салмақты үлес қосуда.

Филиалдың 10-жылдық жетістігі - Президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы үшін білім мен ғылымды басым дамыту, еуразиялық кеңістікті нығайту жолындағы қарекетінің нақты да көрнекі нәтижесі.

Филиал Мәскеу университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде ойдағыдай дамып келеді. Оның жұмыс істей бастаған күнінен бері ММУ-дан оның рексторы академик В.А.Садовничий, факультет декандары, маман даярлайтын кафедралардың меңгерушілері бернеше рет келіп қайтты. Ал қазір шағын болса да филиал іс жүзінде Қазақстандағы өзінше бір қуатты Кіші Мәскеу университетіне айналды.

Қазақстан филиалының жетістіктерін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғары бағалап отыр. Филиалдың жастығына қарамастан бүгінгі күні Қазақстан еңбек нарығында оның түлектеріне деген сұраныс жоғары. Олар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, министрліктерде, ұлттық компанияларда, ғылыми және білім беру ұйымдарында салмақты орындарға ие болып жүр. Олар Қазақстан Республикасының ғана емес, түгелдей еуразиялық кеңістіктің дамуына өз еңбектерімен үлес қосуда. Міне, сондықтан да Астана қаласы әкімдігінің астанамыздағы жақсы жерден, «Ақ Орда» резиденциясы маңынан ММУ Қазақстан филиалының студенттік қалашығын салуға жер телімін бөлуі кездейсоқ іс емес.

ММУ Қазақстан филиалының жаңа ғимараты жаңа ұмтылыстар мен жетістіктердің тірегі, ұрпақтан ұрпаққа білім мен технологияларды жеткізетін, жаңа идеялар туатын, ғылыми зерттеулер жасалып Қазақстан Республикасының гүлденуі мен игілігі үшін, оның Ресей Федерациясымен байланыстарының нығаюы үшін, түгелдей еуразиялық кеңістіктің дамуы үшін жаңалықтар ашылатын орын болады деп ойлаймыз.

Сонымен, ММУ Қазақстан филиалының жұмысы екі елдің біліми байланыстары дамуының маңызды айғағы ғана емес, сонымен қатар М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың сапа жағынан жаңа жұмыстарының да нәтижесі болып табылады. Қазіргі кезеңде М.В.Ломоносов атындағы ММУ өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Бұл кезең Ресей Мәскеу университеті туралы федералдық Заң қабылдап, Ресей Үкіметінің Мәскеу университеті дамуының 2020 жылға дейінгі жоспарын бекітіп, ММУ-дың Ресейдегі ғылыми-зерттеу кешені ретіндегі жаңа мәртебесін белгілеуден басталды.

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.