М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат
logoecol.png

«Экология және табиғат пайдалану» кафедрасы


2006 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында оқытудың жаңа бағыты «Экология және табиғат пайдалану» ашылды. Оның түлектері қазір Мемлекет басшысының бекітуімен экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын белсенді түрде іске асырып жатқан Қазақстанға ерекше қажет.

Кафедра ММУ Жарғысына, Университет Ғылыми кеңесінің, Филиал Ғылыми кеңесінің шешімдеріне, ММУ Қазақстан филиалы директорының өкімдеріне (бұйрықтарына) сәйкес әрекет етеді. Кафедра ММУ география факультетімен өзара тығыз әрекеттесе отырып «Экология және табиғат» бағытында бакалавриат бағдарламасын жүзеге асырады.

Кафедраны география ғылымдарының кандидаты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті Виктория Расуловна Битюкова меңгереді.

Кафедра құрамында химия ғылымдарының докторы, профессор А.К.Тәшенов, биология ғылымдарының докторы, профессор С.С.Бекқожина, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің орынбасары С.К.Жалбинова, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М.Айкешев, «Экология және табиғат пайдалану» бағыты бойынша магистр ассистенттер С.С.Мұқанова, А.С.Табелинова, әдіскер А.А.Мұғалімова қызмет жасайды.

«Экология және табиғат пайдалану» бағыты бойынша пәндердің негізгі бөлігін М.В.Ломоносов атындағы ММУ география факультетінің белгілі профессорлары мен оқытушылары жүргізеді.



Ғылым докторлары, ММУ география факультеті кафедраларының меңгерушілері:

мүше-корреспондент Дьяконов К.Н., профессорлар Кислов А.В., Кружалин В.И, Мироненко Н.С.; профессорлар Голубева Е.И., Горшков С.П., Жиндарев Л.А., Огуреева Г.Н., Нефедова Т.Г., Ретеюм А.Ю., Светлосанов В.А., Семенов Е.К., Тикунов В.С., Тимашев И.Е., Мазуров Ю.К., Фролова Н.Л.


Доценттер, ғылым кандидаттары: Алексеева Н.Н., Алексеева В.А., Алексеенко Н.А., Асеева Е.Н., Бадюков Д.Д., Богданова М.Д., Божилина Е.А., Борсук О.А., Воробьева Т.А., Горбунова И.А., Гладкевич Г.И.,Голованов Д.Л., Даньшин А.И., Дронин Н.М., Дикарева Т.В., Замятина Н.Ю., Зенгина Т.Ю., Мухин Г.Д., Иванов А.Н., Исаченкова Л.Б., Казьмин М.А., Калуцкова Н.Н., Киселева С.В., Кречетов П.П., Королева Е.Г., Климанова О.А., Леонова Н.Б., Лычагин М.Ю., Наумов А.С.,Неронов В.В., Пакина А.А., Пузанова Т.А., Ратанова М.П., Савоскул М.С., Самонова О.А., Сафронов С.Г., Хорошев А.В., Шарапов С.В.



Оқу-әдістемелік жұмыстар федералды мемлекеттік білім беру стандарттарына және ММУ бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Кафедра оқытушылары оқытылатын пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеген, оларда дәрісханалық сабақтардың күнтізбелік жоспары, негізгі және арнаулы курстар (инженерлік экология, техногендік жүйелер мен экологиялық тәуекел, адам денсаулығына әсерді бағалау және адам экологиясы), студенттердің өздік жұмысын қамтамасызе туге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, пәндердің оқу-әдістемелік және ақпараттық жабдықтары, ағымдық және аралық аттестаттауды жүргізуге арналған әдістмелеік материалдар қамтылған.

Оқу үдерісінде жалпыгеографиялық оқу практикасы және арнаулы, сондай-ақ өндірістік практикалар айрықша орын алады. Бұл практикаларда студенттер зерттеудің тәжірибелік әдістерін игереді, түрлі ландшафтыларды және олардың құрамын зерттейді, табиғат пайдалану үдерістерінің ұтымдылығын, ортаның антропогендік өзгерістерін бақылайды және бағалайды, сондай-ақ табиғат пайдалануды басқару дағыдларын меңгеріп кәсіпорындарда және Қазақстанның реттеуші органдарында еңбек етеді. Мәселен, бірінші курста студенттер «Атмосфера туралы ілім» пәні бойынша практиканы қалалық метеобекетте, гидрология пәнінен Есіл, Ақбұлақ, Нұра өзендерінің айдындарында өткереді. Геоморфология, геоботаника және топырақтанудан бірінші курстың жазғы практикасы Қарағанды облысынндағы Қарқаралыдан, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу базасында өтеді. Екінші курс студенттерінің арнаулы оқу практикасы Филиалдың Қазақстанның әр түрлі өңірлеріндегі оқу-әдістемелік базаларында жүргізіледі. Практика бағдарламасына өнеркәсіп пен ауылшаруашылық кәсіпорындарына бару, олардың табиғи ортаға әсерін бағалау үшін ақпарат жинау, табиғат пайдалануды басқарудың түрлі деңгейдегі органдарына бару, зерттелінетін аумақтағы ландшафтының ластануына талдау жасау енгізіледі. Өндірістік практикадан студенттер үшінші курстан кейін өз бетімен таңдалған өндіріс орындарында, табиғат қорғау және табиғат пайдалануды басқару органдарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында және тұрғылықты жердегі фирмаларда немесе Қазақстанның басқа өңірлерінде өтеді.

Бакалавр дайындауда курстық және дипломдық жұмыстар маңызды орын алады, олар студенттің болашақ кәсіби қарекетіне бағдарланған мамандануын тереңдетеді. Экологтердің ғылыми зерттеулерінің бағыттары әр алуан: бұл – табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін әзірлеу, жер ресурстарын бағалау мен жер пайдалануды оңтайландыру, қорғалатын аумақты ұйымдастырудың теориялық негіздерін әзірлеу, қоршған ортаның ластануын табиғи индекстеу, климаттың ғаламдық өзгерістері, қалалық ортаның экологиялық геохимиясы, экологиялық геоақпарат жүйесін әзірлеу және құру, өңірлік картографияның теориялық негіздерін әзірлеу, тұрғынжай мен кеңсе экологиясы т.б.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты бөлігі қазіргі экологиялық проблемаларға арналған ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференцияларға қатысуға бағытталады. Студенттерге, аспиранттарға және жас ғалымдарға бағдарланып жыл сайын өткізілетін «Ломоносов» конференциясында эколог студенттер зерттеу нәтижелері бойынша түрлі аталымдарда үнемі жеңісті орындардан көрінеді.

Бұл бағыттағы студенттер Филиалдың мәдени, спорттық тағы басқа іс-шараларының бастамашысы болады әрі белсенді қатысады, Қазақстан Республикасының қоғамдық экологиялық ұйымдарында жұмыс істейді.

Оқудың соңғы жылында студенттер Мәскеуде болады, ММУ география факультетінде дипломдық жұмыстарын даярлап, оны қорғап, мемлекеттік емтихандар тапсырады.

Филиалдың «Экология және табиғат пайдалану» бағыты бойынша оқып бітірген түлектері ғылыми қызметкер, инженер-эколог, табиғат қорғау инспекторы, оқытушы болып қызметке оранласа алады; халықаралық ұйымдарда, экологиялық қорларда, мемлекеттік басқару құрылымдарында, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау министрліктері мен ведомстволарында, салалық экологиялық қызметтерді, биліктің ведомстволары мен жергілікті органдарында; коммерциялық (экологиялық-ресурстық, қаржылық, туристік, инновациялық) фирмаларда; жылу-энергетикалық кешендер мен басқа салалардың компанияларында; табиғи ортаны қорғаудың және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің технологиялық аспектілерімен байланысты ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда; жобалау, іздестіру, ғылыми зерттеу институттарында, бюроларында, фирмаларында; ЖОО-да, жалпы білім беретін және арнаулы білім беретін оқу орындарында жұмыс істей алады.

Студенттік өмір дәрстерден, практикалар мен сессиялардан ғана тұрмайды. Студенттердің оқудан және дәрісханадан тыс уақытта өзін ғылым жағынан, қоғамдық белсенділік жағынан, шыңдауға, шығармашылық пен спортта жетілуге, яғни, жеке басты жан-жақты дамытуға, жетекшілк және ұйымдастырушылық қасиеттерге баулынуына мүмкіндіктері жеткілікті. Эколог студенттер балалар үйіне көмек беруге әрдайым қаржы жинап отырады. Балаларға сыйлық тарту етіп, оларға концерттік бағдарламаларын тамшалатып отырады.

Кафедра оқытушылары студенттермен тығыз байланыста жұмыс істейді, студенттердің кез келген зерттеу жобасы мен шығармашыл бастамаларын қолдап отырады. Әрбір эколог студенттің өзін жетілдіре алатын және кәсіби дағдысы мен ебін нығайта алатын тұтас бір команданың ажырамас бөлшегіндей сезінуге мүмкіндігі бар.

Экология және табиғат пайдалану кафедрасы – оқытушылар мен студенттердің тату ұжымы!

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.