М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат

Филология кафедрасы


Филология (тілдік дайындық) кафедрасы Филиалда 2002 жылдан бері оқытылып келе жатқан «Филология» мамандығының негізінде 2007 жылы ашылды.. Филиалдағы мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған лингвистикалық және әдебиеттанулық пәндерді оқыылуын қамтамассыз етеді, сондай-ақ осы мамандықтардағы пәндер бойынша әдістемелік жұмыстар, ғылыми зерттеулер жүргізеді, ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындайды,кадролардың біліктілігін көтереді.

Кафедраға филология ғылымдарының докторы, профессор Галина Ивановна Власова басшылық етеді. Қазір кафедра қалыптасқан ғылыми-педагогикалық ұжым ретінде танылды. Кафедра мүшелерінің арасында М.В.Ломоносов атындағы ММУ және Ресей мен Қазақстанның классикалық университеттерінің түлектері бар. Кафедраның басты оқытушылары (Г.И.Власова, Т.В.Кривощапова, Г.П.Байгарина, С.М.Треблер) Мәскеу университеті ғылыми мектебінің өкілі болып саналады.

Оқу үдерісін Филиал штатындағы оқытушылар мен ММУ профессорлық-оқытушылық құрамы қамтамассыз етеді. Кафедраның құрылымы үш секциядан тұрады: орыс филологиясы секциясы, қазақ тілі секциясы және ағылшын тілі секциясы. Сонымен қоса, ММУ филология факультетінің орыс тілі, орыс әдебиетінің тарихы, ХХ-ХХІ ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихы, шетел әдебиетінің тарихы, әдебиет теориясы, классикалық филология, жалпы және салыстырмалы-тарихи тіл білімі кафедраларының 30-ға тарта оқытушысы сабақ береді.

Филиалда «Филология» мамандығы ашылған күннен бастап оның жұмысына белгілі лингвистер:
филология ғылымдарының докторлары, ММУ профессорлары А.А. Волков, О.В. Кукушкина, Н.К. Онипенко, филология ғылымдарының кандидаттары, Филиал доценттері Г.П. Байғарина, С.М. Треблер, Т.Г. Котлярова, филология ғылымдарының кандидаты, ММУ доценттері И.В. Галактионова, Е.И. Литневская, Е.М. Болычева, И.В.Богатырева, Л.А. Жданова, В.В. Муханова, О.А. Волошина, С.К. Пожарицкая, В.С. Савельев, Е.Б. Степанова, В.Е. Чумирина, И.Б. Качинская;

әдебиеттанушылар:

филология ғылымдарының докторы, Филиал профессорлары Г.И.Власова, Т.В. Кривощапова, ММУ профессорлары А.Я. Эсалнек, Н.А. Соловьева, С.И. Пискунова, В.Б. Катаев, М.М. Голубков, А.В.Леденев, А.П. Герасименко, сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаттары, ММУ доценттері А.В. Архангельская, Р.Б. Ахметшин, В.Л. Коровин, А.Б. Криницын Я.Л. Забудская, О.Ю. Панова, Г.В. Зыкова, А.Л. Крупчанов, М.С. Макеев, И.Ю. Попова, Д.А. Иванов, И.Н. Исакова, В.Б. Семенов - атсалысып келеді.

Қазақ тілі секциясының жұмысын қосымша қызмет атқаратын филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Қ.Қ.Құлманов пенР.Р.Тұяқбаева, сондай-ақ Филиал оқытушысы Д.М.Жолмақова-Жарболова қамтамассыз етеді.

Ағылшын тілі секциясында аға оқытушылар К.Н. Жумахаева, Г.Ш.Қайназарова, Р.Е. Оспанова, Н.Л. Сулятецкая, П.Т. Әбілдинова бар.

Кафедрада Филиалдың екі түлегі, Э.В.Мельникова, М.А. Брянская, оқытушылық қызмет атқарады.

Кафедра әдіскерлері - Г.А. Блинова и К.М. Кусубаева.

 

 

Оқу-әдістемелік жұмыстар


Кафедрада 031001 «Филология» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттары мен даярлаудың үлгілік оқу жоспарлары, оқытылатын пәндердің оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар. 031001 «Филология» мамандығы бойынша 45 пән оқытылады, пәндерге ММУ стандарттарының талабына сай авторлық оқу бағдарламалары әзірленген. Филологиялық емес мамандықтарда оқытушылар «Орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті», «Ағылшын тілі», «Қазақ тілі» пәндерін жүргізеді, бұл пәндер бойынша жұмыс жоспарлары түзілген. Жұмыс жоспарлары ММУ-дың пәндер бағдарламасына сәйкестіріліп жасалады, оның құрылымына дәрісханалық сабақтардың күнтізбелік жоспары, студенттердің өздік жұмысын бақылау кестесі, міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі енгізіледі. Жұмыс бағдарламалары ағымдық, межелік және қорытынды бақылаулар жүргізуге арналған әдістемелік материалдармен жабдықталған, оның мазмұнында өз бетімен оқуға ұсынылатын тақырыптардың әзірлемелері де бар.

Филология кафедрасы жалпы кәсіби және мамандандыру пәндерін жүргізеді. Филолог студенттер оқу барысында мына сияқты пропедевтикалық курстарды оқып-үйренеді: әдебиеттанудың, тіл білімінің, орыс әдебиеттануының, славян филологиясының кіріспелік курстары; көне грек, латын, ескі славян классикалық тілдері; орыс халық ауыз әдебиеті, көне кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі орыс және шетел әдебиеті; тарихы мен қазіргі күйі және диалектілік ұласымы қамтылған орыс тілі, қазақ және шетел тілдері.

Филиалда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін оқытып-үйретуге ерекше ден қойылады. 1-2-курстарда студенттер қазақ тілін оқиды. Соған қоса, аймақтық компонент шегінде «Филология» мамандығында «Қазақстан русиситикасы» және «Қазақ әдебиеті» пәні оқытылады. Бұл пәндерді Қазақстанның белгілі филологтері жүргізеді.

2009-2010 оқу жылында «Филология» мамандығына «БАҚ-ты филологиямен жабдықтау» атты оқытудың қосымша түрі (ОҚТ) енгізілді. (Бағдарлама жнтнешілері ф.ғ.д., профессор М.Н.Волкова, ф.ғ.к., доцент Г.П.Байғарина). Бұл бағдарлама Қазақстан нарығының бұқаралық ақпарат құралдары мамандарына деген сұранысына орай енгізілді. «БАҚ-ты филологиямен жабдықтау» ОҚТ-нде мәдениеттанулық, коммуникативтік және іс жүзіндік-ақпараттық бағыттардағы пәндермен байытылған орыс филологиясы саласы бойынша толыққанды, берік негізді білім беру көзделеді. ОҚТ шегінде 2011 жылдан бері оқытушы Д.Н.Мельниковтың жетекшілігімен 3-курс студенттерінің дайындауымен «Филиада» атты оқу газеті шығарылады. Газетте Филиал жаңалықтары және студенттер өмірінің оқу, ғылыми, әлеуметтік-мәдени қырлары туралы материалдар жарық көріп тұрады. 2011-2012 оқу жылында «Филология» мамандығына «Шетел тілі ретіндегі орыс тілі» атты ОҚТ енгізілді (Бағдарлама жетекшілері: ММУ«Шетел тілі ретіндегі орыс тілі» кафедрасының доценті И.В.Ружицкий, Филиал доценті С.М.Треблер). Оқытудың бұл түрінің енгізілуі Қазақстанда шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдіктерді орыс тіліне үйрету зәрулігімен байланысты. «Шетел тілі ретіндегі орыс тілі» ОҚТ болашақ түлектерді тіптен жаңа сападағы деңгейде педагогикалық қызметке дайындауды көздейді.Білім берудің жаңа бағдарламасына көшуге байланысты 2012 жылы ОҚТ бағыттары бойынша, сондай-ақ салыстырмалы әдебиеттанудан, аударманың теориясы мен практикасынан магистратура ашу жоспарланып отыр.

Филиалда мамандықтың оқу жоспарына сәйкес практиканың төрт түрі өткізіледі: үшеуі - оқу практикасы (фольклорлық, диалектологиялық, библиографиялық), біреуі – өндірістік (педагогикалық) практика. Практика қажетті құжаттармен рәсімделген: бағдарламалар, шарттар, әдістемелік нұсқаулар бар. Диаалектологиялық және фольклорлық практика архивтері кафедарада сақталады, олардың электрондық нұсқалары да жасалған. Фольклордан түз практикасы Қазсқтанның солтүстік өлкесінде, ескіден қоныстанушылар арасында, өткізіледі. Библиографиялық практикадан студенттер ҚР Ұлттық кітапханасында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында және Филиалдың ғылыми кітапханасында өтеді. Орыс тілінің электрондық ұлттық корпусын (http://www.ruscorpora.ru/) жасау жолындағы қарымды жұмыстардың қарқынына байланысты диалектологиялық практиканың мазмұнына информанттардың «Қазақстандағы/Астанадағы орыстар», «Қазақстандағы/Астанадағы орыс тілі» тақырыптары бойынша жазбалары енгізілді. Фольклорлық практика архивінің көп бөлігі «Славянский фольклор Северного Казахстана» (Астана, 2008) атты екітомдық жинақта жарияланды. Педагогикалық практиканың базасы Гуманитарлық колледж, Еуразия гуманитарлық институты және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болып отыр.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспар бойынша түрлі бағыттарда жүргізіледі. ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды бөлігі әр түрлі деңгейдегі ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік конференцияларға қатысуға арналады. Кафедраның ғылыми жұмыстарының белсенді түрде жүргізілуі Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығы, «Парасат» гуманитарлық зерттеулер орталығы, Ресей Халықтар достығы униыерситеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті сияқты ғылыми-біліми орталықтармен бірлесе жүргізілетін жұмыстармен байланысты. Кафедра мүшелері осы орталықтар ұйымдастыратын конференцияларға, «дөңгелек үстелдерге» үнемі қатысып отырады. Сондай жиындардың ішінен мыналарды айырықша атауға болады: «Қазақстан Республикасындағы этнотілдік үдерістер ықпалындағы орыс тілі», «Постсоветтік кеңістік. ХХІ ғасырдағы еуразияшылдық идея: дамудың жаңа бағыты», «Қазақстан халықтарының ассамблеясы азаматтық қоғамды топтастыру институты ретінде», «Славян және түркі тілдері: ықпалдастық қырлары», «Еуразия шалқарындағы Turco-slavika: ділден тілге». Кафедра мүшелері (С.М. Треблер, Т.Г. Котлярова, Г.И. Власова, Г.П. Байгарина, Т.В. Кривощапова) Филиалдың онжылдығы мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған «Жаңа әлемдегі Қазақстан мен еуразияшылдық идея» атты халықаралық форумға қатысты.Форумға орай Филиалда «Жаңа әлемдегі еуразияшылдық идея» атты халықаралық ғылыми зерттеу, Филиалдың студенттері, магистранттары мен түлектері мен жас ғалымдардың жинақтары жарық көрді. Басылымдардың бәрін кафедра оқытушылары саралады.

Сонымен қоса, кафедра мүшелері дәстүрлі «Русистика күзгі мектебінің» бастамашылары әрі ұйымдастырушылары болып табылады. Оның тақырыптары Қазақстан мектептерінде орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістері мен инновациялық технологияларымен байлаанысты болады. Мектеп 2004 жылдан бері өткізіліп келеді, оның жұмысы орыстанушы мұғалімдерге қажет сертификат берумен тиянақталады. Бірқатар жылдан бері бұл мектеп ММУ-дың (И.В. Галактионова, Е.Б. Степанова, И.В. Ружицкий ж.б.), Ресей Халықтар достығы университетінің оқытушыларымен, МАПРЯЛ (Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық ассоциациясы) қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Кафедра студенттер, аспиранттар мен жас ғалымдарға арналып жыл сайын өткізілетін «Ломоносов» конференциясын дайындау мен өткізудің орталығы болып саналады. Бұл конференцияда «Филология» секциясы ең бір маңызды орынға ие, оның құрамына мынадай үш ішкі секция енеді: «Әдебииеттанудың өзекті проблемалары», «Тіл білімі және практикалық журналистика», «Қазақ филологиясы». Жыл сайын кафедра студенттері үздік ғылыми жұмысы үшін берілетін грамоталар мен марапаттарға ие болып отырады. «Ломоносов» конференциясы студенттердің зерттеушілік қарекетке деген ұмтылысын ұштап, жас ғалымдар мен магистранттардың ғылыми әлеуетін әйгілеп, ғылым мен тәжірибеде жүзеге асып отырған еуразиялық қауымдастық идеясынның өзектілігін дәлелдеп отырады.

Студенттердің ғылыми баяндамаларының идеясы мен тұжырымдамалары кафедраның филологияның заманауи проблемаларына арналған семинарларында туындайды. Студенттерге екінші курстан бастап ұсынылатын арнаулы семинарлар мамандандыру қырларына орай анағұрлым терең кәсіби білім, еп пен дағды беруді көздейді. Сондықтан кафедра әдебиеттанушылары студенттерге мына сияқты арнаула семинарлар ұсынады: «Теория литературных жанров», «Интертекстуальность в литературе и фольклоре» (проф. Т.В. Кривощапова); «Мифопоэтика», «Поэтика и теория жанров» (проф. Г.И. Власова; «Язык СМИ объект лингвистического исследования» (доц. Г.П. Байгарина); «Русский язык рубежа XX-XXI веков» (доц. С.М. Треблер).

«Русский язык рубежа XX-XXI веков» арнаулы семинарында лингвистикалық проблемалардың өзі де, сондай-ақ жахандану мен Қазақстан қоғамын демократияландыру проблемалары белсенді түрде талқыланады. «Язык СМИ как объект лингвистического исследования» арнаулы семинарының шегінде тілтанулық мәселелермен қатар Қазақстанның қоғамдық-саяси өзекті мәселелері талқыланады, өйткені зерттеудің бір нысаны саяси дискурс болып отыр. Әдебиет бойынша – жанрлар теориясы мен поэтикасы, интермәтін және мифопоэтика мәәселелері бойынша өткізілетін арнаулы семинарлар студенттерді мәтінді әдеби талдаудың түрлі типтеріне, заманауи парықтауларға бойлатады, филологтердің шығармашылық қарекетіне, атап айтқанда, проза мен поэзиялық шыығармашылығына қозғау салады. Арнаулы семинарға қатысушылар Қазақстандағы А.С.Пушкин жылына, М.Цветаеваның 115 жылдығына, Б.Ш.Окуджаваның 80 жылдығына арналға «Евразийский Пегас-2»,«Евразийский Пегас-3»(Астана, 2008) жинақтарының авторлары болды.

Кафедраның ғылыми-әдістемелік семинары табысты жұмыстар атқаруда. Оның қызметі орыс, қазақ және ағылшын тілдерін оқытудың интерактивтік әдістемелерін, филологиялық пәндерді оқытудың инновациялық технологияларын, фольклорлық, диалектологиялық, библиографиялық және педагогикалық практикалардың өткізу жолдарын талқылауды бағдар етеді.

2009-10 оқу жылында «Филологияның өзекті проблемаларына» арналған ғылыми семинар өз жұмысын бастады. 2011 жылы семинарда және «Қазақстан және жаңа әлемдегі еуразияшылдық идея» халықаралық форумында тыңдалған баяндамалар «Язык, литература и культура в евразийском пространстве» атты жинақта жарияланды.

Кафедра Мәскеу университетіндегі әріптестермен үнемі ынтамақтаса жұмыс атқарады. ММУ оқытушылары кафедраның ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-шараларының бәріне қатысып отырады. Мәскеулік оқытушылар кафедраның ғылыми-әдістемелік және ғылыми семинарларында ғана емес, халықаралық және республикалық дейңгейде өткізілетін конференциялар мен семинарларда да баяндама жасап тұрады. Мәселен, профессор С.И.Пискунова мен доцент О.Ю.Панова ҚР Ұлттық кітапханасында жұртшылыққа дәріс оқыса, доцент Е.Б.Степанова VІ русистика күзгі мектебінде баяндама жасады. Профессор М.М. ГолубковР.Б. Ахметшин, Е.И. Литневская, Я.Л. Забудская, М.С. Макеев және В.Л. Коровиндоценттері «Ломоносов» конференцияларына, «ММУ ғалымдары - мектепке» семинарына қатысты.

2009 жылдың сәуір айында Филиалда ММУ Қазақстан филиалының еуразиялық мәдениетке арналған «Достық-Дружба» ғылыми-біліми орталығы ашылды. Оның жұмысына кафедрадан қазақ тілі оқытушысы Д.М. Жолмақова-Жарболова жетекшілік етеді. Орталықтың жұмыс жоспары евразияшылдық идеяны жүзеге асыруға, этносаралық қатынастарды дамытуға, тілдік достастықтың жарасымды шарттарын туғызуға, ММУ Қазақстан филиалында тілдерді үйрену мен оқыту сапасын жақсартуға бағдарланған. Орталық ашылған күні «ЕвроАзия» журналының ТМД ауқымында еуразияшылдық идеяның жарияланғанына 15 жыл толуына арналған арнайы шығарылымының таныстырылымы және «Постсоветское пространство. Евразийская идея в ХХI веке: новый фактор развития» Дөңгелек үстелі өткізілді. Журналды даярлау мен шығаруға ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары А.В. Сидорович, Т.Г.Котлярова, Г.И. Власова, Г.П. Байғарина, С.М. Треблер, Т.В.Кривощапова, жас зерттеушілер К. Доценко мен Т. Шалабаев атсалысты. Арнайы шығарылым айдарлары білім беру, экономика, философия, Қазақстандағы орыстану мен фольклорлық мәдениетке арналды.

«Достық-Дружба» ғылыми-біліми орталығының бағдарламасы бойынша атқаратын істері оны ғылым мен білімнің және еуразиялық мәдениеттің шынайы ықпал ететін орталығы деп бағалауға мүмкіндік береді. Оның жұмыс барысында Қазақстан орыстануы бойынша ғылыми-практикалық семинарлар, өнер шеберлерімен, Қазақстандағы қоғам және саясат қайраткерлерімен кездесулер циклі, орыс, қазақ, ағылшын тілін оқытып-үйретуден шеберлік кластары, орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің апталықтары, «Менің елімнің тілі» студенттік клубының мәжілістері өткізіліп тұрады. Орталықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдарына, евразияшылдық мәселелеріне, Ресей мен Қазақстан қатынастарының тарихына, ММУ Қазақстан филиалының тарихына арналған көрмелер ұсынылып тұрады. Филиал басшылығының, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының, Қазақстан халықтары ассамблеясының, Президенттің мәдениет орталығының, Ресей ғылым мен мәдениет орталығының белсенді түрде қолдауымен Орталықтың кітапханасы мен мультимедиялық жабдықтары жинақталуда.

Кафедраның тәрбие жұмыстары ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауға, еуразиялық мәдениетті дамытуға, жеке адамның рухани, адамгершілік сапаларын қалыптастыруға, этносаралық қатынастар мәдениетін арттыруға, жастарды заманауи ғылыми көзқарасқа баулуға бағытталған. Кафедр оқытушылары филология факультеті 1-3-курстарының студенттерімен алуан түрлі әлеуметтік-мәдени іс-шаралар, атап айтқанда: Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ «Пегас» әдеби клубының және Филиалдың «Тенгри» әдеби клубының отырыстарын, конференции по фольклорлық және педагогикалық практика бойынша (1-2, 5-курстар) конференциялар, КТК, «Славян жазуы мен мәдениеті күндерін» және «Святочные посиделки» мейрамын өткізіп тұрады; Астанадағы орыс ғылымы мен мәдениеті орталығындағы жалпы қалалық мейрамдарға, А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А.П. Чеховтың, Н.С. Гумилевтің мерейлік кештеріне қатысып отырады.

2010 жылдың қазан айында М.В.Ломоносов ат. ММУ Қазақстан филиалында «Тенгри» жаңа әдеби клубы ашылды, оған кафедра жетекшілік етеді. Жас клубтың қызметі бірнеше бағытта дамып келеді. Ресей мен Қазақстанның жазушыларымен, ақындарымен кездесулер, шығармашылық зертханалар мен шеберлік кластары, «қалам қадамдары», әдеби оқулар өткіщіледі. Клубтың жас тарихының беттеріне М.Голубков, Т. Әсемқұлов, А. Омар, М.Әуезов, Р. Сейсенбаев сияқты ақын-жазушылармен, Қазақстанның басқа да белгілі қоғам қайраткерлерімен өткен кездесулер жазылып қалды. «Тенгри» әдеби клубының ашылуымен жарыса кафедра «Пою тебя, мой Филиал!» («Жырлаймын сені, Филиалым!»)шығармашылық бәйгесін жариялаған болатын. бәйгенің материалдары бойынша 2011 жылы Филиалдың онжылдығына арналған тақырыптық жинақ іспеттес студенттік бірінші альманах шығарылды. Альманахқа студенттердің түрлі тақырыптарға – «кіші» Отанға деген сүйіспеншілік, шындықты іздеу, өмір туралы толғаныстар, махаббат туралы - жазған анағұрлым маңызды деген мәтіндері енгізілді. Шешуші тақырып аlma mater, Филиалға, М.В.Ломоносовқа, оқытушыларға арнаулар болды.

Тәрбие жұмысы әрқайсының тәрбиелік әлеуеті мол пәндерді оқыту барысында да жүргізіледі. Тарихи-лингвистикалық және әдебиеттанулық пәндер студенттерді адамгершілік, эстетикалық түсініктерге баулуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, тіл тарихы, фольклор мен әдебиет мәселелері орыс халқының тарихымен тығыз байланыста қарастырылатын тұстармен байланысты. Славян жазуы мен мәдениеті күндеріне қатысу да тарих аясында өзі мен халқының тарихын ойлауға тағы бір түрткі болады. Славян жазуы мен мәдениеті күндері Филиалда жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл күндері жазудың тууына арналған оқу-тәжірибелік конференция өткізіледі, славяндардың тұңғыш ұстаздары Константин мен Мефодийдің қайраткерлігіне арналған театрландырылған көріністер қойылады. Знаковыми событиями Фольклорлық практиканың қорытынды конференциясы мен «Святочные посиделки» мейрамы кафедрадағы нышанды оқиға болып саналады, ол күні «Кострома» студенттік театры Солтүстік Қазақстанның жергілікті фольклорлық репертуарынан көріністер мен жырларды ұсынады, күнтізбелік және үйлену салттарынан көріністер қояды.

Қоғамдық-тәрбиелік жұмыстар кафедра қызметінен маңызды орын алады да алуан түрлі іс-шаралар түрінде жүзеге асады. Кафедра ММУ Қазақстан филиалы сайтының жұмысына жетекшілік етеді, профессор Т.В.Кривощапованың басшылығындағы баспасөз орталығы Филиалдағы жаңалықтарды жеткізіп отырады.

Кафедрада түлектерді оқытушылық қызметке тарту жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Түлектерге деген сұраныс кафедраның ғылыми мектебін жасау қажеттігімен байланысты. Мәселен, 2008 жылғы түлектер Э.В. Мельникова мен М.А. Брянская кафедрада штаттық оқытушы болып қызмет атқарып жүр. 2006 жылдың екі түлегі (И. Парышева мен А. Чабан) ММУ-дың күндізгі аспирантурасын бітіріп, кандидаттық диссертацияларын қорғады, 2007-2011 жж. түлектері Ресей және шетел жоғары оқу орындарында аспирантураларын (магистратура Ph.D) жалғастыруда. Филиал түлектері ЖОО, колледждер мен лицейлерде, қалалық БАҚ-та, тіл үйрету орталықтарында, АҚШ пен Оңтүстік Корея елшіліктерінде қызмет істеп жүр.

Кафедра мамандық саласы бойынша оқушы жастар арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізеді (Ашық есік күндері, «Ломоносов» оқушылар олимпиадасы, қала мұғалімдеріне арналған «ММУ ғалымдары – мектепке» әдістемелік семинарлары). Абитуриенттер тарту үшін түрлі жұмыстар жүргізіледі: жыл сайын «Орыстанудың күзгі мектебін» өткізу, «Ашық есік күндерінде» сөз сөйлеу, мектеп оқушыларының ғылыми жобаларын рецензиялау, орыстанушы мұғалімдермен байланыстар жасау сияқты істер атқарылады. Кәсіби бағдар жұмысымен ММУ филология факультетінің оқытушылары да белсенді түрде айналысады. Атап айтқанда, оқулықавторлары, ғылым докторлары, профессорлар Н.К. Онипенко мен М.М. Голубков қала мұғалімдері үшін орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Ресей мен Қазақстандағы қазіргі оқулықтарға арналған циклді кездесулер өткізді.

Кафедра ғалымдары Қазақстан БАҚ-тарында («Казахстанская правда», «Республика KZ», «Вечерняя Астана») Филиалдың қызметінің әралуан қырларын көрсететін материалдарын жариялап тұрады.

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.