М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Филиалда 2012 жылы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды. Кафедра Филиалдың барлық мамандықтары бойынша оқу жоспарларында қарастырылған әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуды қамтамасыз ететін ғылыми құрылымдық бөлімше болып табылады. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ММУ Жарғысымен, университеттің Ғылыми кеңесі шешімдерімен, ректордың бұйрықтарымен, Филиалдың Ғылыми кеңесі шешімдерімен, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директорының өкімдерімен (бұйрықтарымен) сәйкес қызмет етеді.

IMG_7034s.jpg

Кафедра меңгерушісі -ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, философия ғылымдарының докторы, профессор Р.Ж. Абдильдина. Ол - адам бостандығы, адам тұлғасының қалыптасуы, қазақ және әлем философиясының тарихы туралы бірқатар монографиялардың авторы.

Кафедра штатында философия ғылымдарының докторы, профессор С.Ш. Аязбекова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Ермекбай, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Д.С. Ташкеев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент В.Н. Алексеенко, аға оқытушылар И.И. Лиховец, Е.И. Клюкина және методист С.Ж. Абылкасова қызмет етеді.

Оқу үдерісіне Астана қаласындағы ЖОО-ғы, ғылыми-зерттеу институттардың, Қазақстанның түрлі мемлекеттік мекемелеріндегі белгілі ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар тартылып келеді (академик НАН РК, д.ф.н, профессор, Ж.М. Абдильдин, к.п.н., доцент Л.В. Нефедова). Республика университеттерінің ғалымдарымен ынтымақтастықта болу олармен ғылыми ізденістермен, әдіснамалық және педагогикалық тәжірибелерімен өзара алмасуға мүмкіндік береді.

ӘГП кафедрасының оқытушылары оқу үдерісін ұйымдастыруда оқу үдерісінде инновациялық оқыту технологияларды белсенді түрде қолданады, сол арқылы оқыту үдерісіне эмоциялылық пен мазмұндық байлық беретін, студенттер мен оқытушылар арасындағы интерактивтік дидактикалық байланыстың дамуына ықпал етеді.

CAM_0502s.jpg

Оқу-әдістемелік жұмыс ММУ мемлекеттік білім стандарттарымен және бағдарламаларымен сәйкестендіре жүргізіледі. Кафедра оқытушылары пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын әзірлеп, онда аудиториялық сабақтардың күнтізбелік жоспары, дәрістер мен семинарлардың жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспары мен кестесі, міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі берілген. Жұмыс бағдарламалары студенттердің өз бетімен оқып-білуі тиіс деп бекітілген ағымдық, қорытынды бақылау өткізуге керекті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген. Кафедра оқытушылары Филиалдағы барлық мамандықтар мен бағыттар бойынша жүргізілетін Қазақстан тарихы, Ресей тарихы, дене шынықтыру, философия, өмір қауіпсіздігі пәндері бойынша және жекелеген мамандықтарға арналған әлеуметтану, педагогика және психология, құқықтану, еуразиялық мәдени бойынша арнайы курс т.б. пәндері бойынша сабақтар береді.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы кафедраның Жұмыс жоспарына сай, түрлі ғылыми бағыттар бойынша жүзеге асырылып келеді. Ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды құраушысы ретінде түрлі дәрежедегі ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік конференцияларға қатысуларды айтуға болады.

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмысы заманауи ғылыми-теориялық таным мен шығармашылық ойлау логикасының мәселелерімен байланысты (ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Абдильдин Ж.М., ҚР ҰҒА мүше-корр., ф.ғ.д., профессор Абдильдина Р.Ж.); бостандықтың демократияның заманауи тұжырымдамасының бастауы ретінде танылуы (ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Абдильдин Ж.М., ҚР ҰҒА мүше-корр., ф.ғ.д., профессор Абдильдина Р.Ж.); еуразиялық мәдениет, имиджиология (ф.ғ.д., профессор Аязбекова С.Ш.); мұрағаттық материалдар негізінде ұлы ғұлама Шоқан Уәлихановтың қызметі, репатрианттардың Қазақстанның білім беру, ғылым, мәдениет пен іскери саласына қосқан үлесі зерттеліп келеді (т.ғ.д., профессор Ермекбай Ж.А.); докторлық және кандидаттық диссертацияларға, дипломдық жұмыстарға пікірлер беріледі.

dip.jpg

2015-2016 оқу жылында профессор Ж.А. Ермекбай Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану Институтындағы әріптестерімен бірге Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың шығармалары жинағының 8-томын дайындауға қатысты.

Кафедраның профессорлары гранттық ғылыми-зерттеу жобаларға қатысады: профессор Абдильдина Р.Ж. ҚР БҒМ 2015-2017 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бәйгесінде ұтып алған «Ғылыми идея логикасы және оның жүзеге асырылуы» атты ғылыми-зерттеу жобасы бойынша жұмыс жүргізіп келеді; профессор Ж.А. Ермекбай оқу жылы бойында Томскі мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінің іргелі және қолданбалы ғылымдар бойынша бөлген «Шығыспен дипломатиялық қарым-қатынасының аясындағы Сібір» атты гранттық жоба орындады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қазақстандық және ресейлік ғылыми журналдардың қызметіне белсене араласады: профессор Ермекбай Ж.А. – «Вестник Томского государственного университета. История» журналының және «Қазақстан мұрағаттары» / «Архивы Казахстана» журналының, «Известия Иркутского государственного университета». Серия «История» журналының, «Концепт» (Ресей) электрондық ғылыми-әдістемелік ВАК журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.

Кафедра оқытушылары жыл сайынғы дәстүрлі «Ломоносов» конференциясының ұйымдастырылуына, өткізілуіне, студенттердің қатысуына байланысты үлкен жұмыстар атқарып келеді. Кафедра бойынша ғылыми эсселер мен ғылыми рефераттар, ғылыми жобалар бәйгелерін өткізу дәстүрге айналып келеді.

2010 жылдан бастап кафедра оқытушылары М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Достык-Дружба» атты Еуразиялық мәдениеттің ғылыми-білім беру орталығының жұмысына белсенді араласады. Қажетті тақырыптар бойынша көрмелер ұйымдастырылып, пікірталастар, кездесулер өткізілді, көпшілік алдында дәрістер оқылды.

ММУ Қазақстан филиалында 2016 жылы ақпан айында айрықша оқиға болды: «Ғылым мен қоғам даумының өзекті мәселелері» атты ғылыми-әдіснамалық семинар өз жұмысын бастады. Ғылыми-әдіснамалық семинар ғылым мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық тұрғыдан дамуының маңызды әдіснамалық және практикалық мәселелерін талқылайтын, ғылыми идеялардың жүзеге асудың жолдарын танитын, оқытушылар, магистранттар мен студенттердің өзара пікір алмасатын алаңын қалыптастыруды көздейді.

Семинардың жетекшілері көрнекті ғалымдар - ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Абдильдин Ж.М., М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ еңбегі сіңген профессоры, Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері, профессор А.В. Сидорович.

Ғылыми-әдіснамалық семинардың жұмысы ММУ Қазақстан филиалының, Ресейдің басты университеті бөлімінің қызметіндегі, қазақ жеріндегі ресейлік білім мен ғылымының жетекші орнындағы, маңызды бастама болып табылады. Қазақстандық ғалымдар мен мәскеулік ғалымдардың біріге отырып ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауы арқылы қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастың әрі қарай дамуына, гүлденуіне, сөйтіп заманауи әлеуметтік-гуманитарлық үдерістерді тиянақты түсінуге мүмкіндіктер береді.

IMG_9670s.jpg

Кафедраның тәрбиелік жұмысының мақсаты студенттерде жауапкершілік қасиеттерін, тәртібін, патриоттығын, коммуникативтік біліктерін, командамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Ол үшін зияткерлік, әлеуметтік және спорттық типтегі іс-шаралар көптеп өткізіледі.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Студенттер үйінде кездесулер өткізіп тұрады, онда қоғамдық-саяси, рухани-мәдени тәрбиеге байланысты түрліше тақырыптар бойынша мәселелер талқыланады. Олардың ішінде салауатты өмір салты туралы мәселе ерекше орын алады. Одан басқа, Қазақстан мен Ресейдің мерекелері мен ерекше даталарына – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, Жеңіс күніне, Тұңғыш Президент күні тағы басқа даталарға арналған іс-шаралар жүйелі өткізіліп тұрады.

Филиалдың қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырып өткізетін әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, атап айтқанда, Астана қаласындағы ЖОО арасындағы футбол спартакиадалары, студенттердің «Біз – саламатты Қазақстан үшін!» атты қалалық Универсиадасы, жалпықалалық «Дені саудың – жаны сау» атты спартакиада, концерттерге, кездесулерге, пікірталастар мен конкурстарға белсене қатысады.

3s.jpg Жыл сайын дене шынықтыру пәні оқытушылары күшімен дәстүрлі күзгі және көктемгі жеңіл атлетика бойынша жарыс өткізіледі – ММУ ҚФ студенттерінің, магистранттарының, оқытушыларының арасындағы «Күзгі кросс» және Көктемгі эстафета; мини футбол бойынша жарыс, сонымен қатар, ММУ Студенттер үйінде Филиалдың студенттері мен магистранттары арасында спорттың стол теннисі, шахмат, волейбол, тоғызқұмалақ түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып өткізіледі.

IMG_5553s.jpgIMG_8141s.jpg

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.