М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
09.10.2017

Кросс «Алтын күз»


Күшті болғың келсе - жүгір!

Әдемі болғың келсе — жүгір!

Ақылды болғың келсе - жүгір!


Дәл осындай шумақпен, дәстүрлі кросс Филиалда осымен бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және жыл өткен сайын оның ауқымы кеңейіп, маңызы артып келеді. 9 қазанда, жылы күздің күнінде, астаналық «Жерұйық» саябағы күш-қуаты толы, жүгіруге және жеңуне келген оқытугылары мен студенттердің шуақты жүздері мен күміс күлкісінің даусына толды. Ең алдымен, дене шынықтыру пәні оқытушылары ұйымдастыратын «Алтын күз» атты кросстың мақсаты – студенттерді спортқа және денсаулықты күшейтуге бейімдеу. Бірақ бұдан басқа кроссқа қатысқан барлық адамдар ерекше бір қуаныш сезімдеріне бөленіп, бір оқу жылына жететіндей шуақты күн қуатына ие болатыны белгілі.

Дәстүр бойынша, 1-2 курс студенттері оқытушылармен бірге жалпы шынықтыру жаттығуларын жасады. Ондай жаттығулар денені қыздырып, алдағы дистанцияларды оп-оңай жеңіп өтуіне мүмкіндік береді. 


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.