М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
18.11.2017

Үздіктерден үйрену!


2017 жылғы 17-18 қарашада филология кафедрасы «Көптілді мәнмәтініндегі ХХІ ғасыр лексикографиясы: тәжірибе, мәселелер, шешімдер» тақырыбындағы филология ғылымдарының докторы, профессор Исенгалиева Валентина Айтешевнаны еске алуға арналған Халықаралық конференцияға қатысты.

Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің бастамасымен 2017 жылдың қыркүйек айында бастау алған «Дәуір және Тұлға» атты рамкалы симпозиумының семинарлар циклындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада үшінші рет өткізіліп отырған іс-шара.

Конференцияның бірінші кезеңі ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында 2017 жылдың 17 қарашасында өткізілген болатын. Оған М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филологтері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі әріптестері және Қазақстанның басқа университеттеріндегі әріптестері өздерінің пленарлық баяндамаларын ұсынған болатын.

Ф.ғ.д. Г.И. Власова, ф.ғ.д. Н.Ж. Шаймерденова, ф.ғ.д.Т.В. Кривощапова, ф.ғ.к. Т.Г. Котлярова, ф.ғ.к. Г.П. Байгарина, ф.ғ.к. С.М. Треблер тіл білімі және әдебиеттану пәндерінің ұғымдық-терминологиялық аппаратының мәселелері туралы мазмұнды баяндамалар жасады.

Келесі күні М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Көптілділік мәнмәтінідегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері» оқу пәнінің аясында «Лексикография бойынша ғылыми-зерттеу жобалары: идеядан жүзеге асыруға» тақырыбындағы семинар өткізілді. Тыңдаушылары – филология факультетінің 1 және 2 курс магистранттары болды.


[толығырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.