М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.11.2017

Ғылыми семинар. Тақырыбы: «Қазақстан қалаларының тұрақты дамуы: студенттік стартап»


2017 жылғы 20 қарашада «Геоурбанистика негіздеріндегі қаланың экологиясы» курсының аясында М.В.Ломоносов атындағы ММУ экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының профессоры, г.ғ.д. В.Р. Битюкова және г.ғ.к., М.В.Ломоносов атындағы ММУ жетекші ғылыми қызметкері А.Г. Махрова «Қазақстан қалаларының тұрақты дамуы: студенттік стартап» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Кіріспе сөзінде В.Р. Битюкова осындай семинарды Мәскеуде және Астанада өткізудің мақсаттары, міндеттері мен дәстүрлері жөнінде, Қазақстандағы урбанданудың ерекшеліктері туралы және қалалардың заманауи экологиялық мәселелері туралы айтып берді.

Ғылыми семинар М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша оқып жатқан 3 курс студенттері командасының зерттеу жобаларын таныстыру негізінде өткізілді. Жобаларда экологиялық мәселелерді шешу үшін қолданылған мәліметтерді жинау, талдау, бақылау, тұрғындарға әлеуметтік сауалнама жүргізудің түрлі әдістемелері сөз етілді, сонымен бірге, қарастырылып отырған мәселені шешудің сан түрлі жолдары туралы ұсыныстар айтылды. 


[толығырақ]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.