М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
26.11.2017

Ағылшын тілі апталығы– 2017




Қараша айының 20-26 күндері М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалында филология кафедрасының 10 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі ағылшын тілі апталығы өткізілді. Міне, 10 жыл бойы Филиалдың филология кафедрасы Қазақстан Республикасында қабылданып, жүзеге асырылып жатқан үштілділікті қалыптастыру бағытын қолдап, жұмыс жасап келеді. Осы бағытта мәдени шараларға қатысып, түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіліп, қазақ тілін, орыс тілі мен ағылшын тілін дамыту саласында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

Жыл сайын қоңыр күздің жарқын бояулары ағылшын тілі секциясының оқытушылары мен Филиал студенттері үшін қызықты іс-шаралармен үйлесіп жатады. Осы мерейтомен үндескен іс-шара да сол дәстүрінен жаңылмады. Түрлі шаралардың өткізілу түрі өзгеріп, жаңадан балғын ойлар туындап жатады, бірақ өзгермейтін бір түпнегіз бар, ол – мәдениетаралық бірлік пен келісімді қолдау және сақтау.

Биылғы жылы ағылшын тілі апталығы аясында 5 түрлі іс-шара өткізілді.

Апталықтың соңында жеңімпаз студенттерге естелік қолүзіктер мен «тәтті» сыйлықтар берілді. Оларға оқытушылар өз тарапынан түрлі жылы алғыс сөздер айтып, оқуда белсенді және табысты болуларына, шығармашылық жетістіктерге жетуіне тілектерін білдірді.



[толығырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.