М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
25.11.2017

Филиал «Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығына 25 жыл: өткен тәжірибе және келешек міндеттер» конференциясына қатысты


М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының оқытушысы А.С. Табелинова Қазақстан-Неміс университетінің Орталық Азия су қорын басқару жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының шақыруымен, 2017 жылғы 22-25 қарашада Ташкент қаласында өткізілген Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының Орталық Азия халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Конференция «Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығына 25 жыл: өткен тәжірибе және келешек міндеттер» деп аталып, Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының 25-жылдығына арналды. Оның құрылуына негіз болған Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің бес су шаруашылығы министрлерінің 1992 жылғы 18 ақпанда «Мемлекетаралық су көздерін пайдалану мен қорғауды бірігіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге» қол қойылуы болатын. Пленарлық мәжілісте МКВК мүше елдердің делегация басшылары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі Насынбаев Ерлан Нуралиевич сөз сөйледі.

Іс-шараның басты тақырыптары трансшекаралық су ынтымақтастығы, су қауіпсіздігі және климат өзгерісі, суды үнемдеу және суды есепке алу мәселелері, су ресурстары мен экожүйесі туралы болды.

ММУ Қазақстан филиалының оқытушысы А.С. Табелинова «Арал теңізі деңгейінің тербелістері және оның арридтік территориядағы (Каспий теңізі мен Балқаш көлі) көлдерімен гетерохрондық байланысы» тақырыбында баяндама оқып, конференцияға қатысушылармен өзінің зерттеу жұмысының жәнегеоэкологиялық динамиканы анықтаудың гис-әдістерін қолдану нәтижелерімен бөлісті.


[толығырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.