М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
30.11.2017

«Қалалар турнирі» атты қалалық математикалық олимпиаданың күзгі турының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау



Күздің соңғы күні, 30 қарашада, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізілген, Астана қаласының 230-дан астам мектеп оқушыларын жинаған, «Қалалар турнирі» атты қалалық математикалық олимпиаданың күзгі турының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау болды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша кіші лиганың (6-9 сыныптар) 25 жеңімпазы және жоғары лиганың (10-11 сыныптар) 15 жеңімпазы анықталған болатын. Жеңімпаздарды математика және информатика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы Ерлан Даутбекович Нұрсұлтанов марапаттады.

Барлық мектеп оқушыларын 2018 жылғы 25 ақпан мен 11 наурыз аралығында өтетін «Қалалар турнирінің» көктемгі турына қатысуға шақырамыз!


Мәтін мен фото: Ален Баев



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.