М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
15.12.2017

Копежанова Айгерим Нуржановнаны 2017 жыл бойынша талантты жас ғалымдарға берілетін мемлекеттік сыйлықтиың иегері атануымен құттықтаймыз!


Бұл стипендия Айгерим Нуржановнаға жемісті ғылыми жұмысы үшін берілген болатын. 2011 жылғы желтоқсан айында ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D060100-Математика мамандығы бойынша философия докторы ғылыми дәрежесін (PhD) алу үшін диссертациясын сәтті қорғап шыққан болатын. Ал 2017 жылы Швецияның Лулео қаласындағы Лулео Технологиялық университетіндегі диссертациялық кеңесте сәтті қорғап шықты. Зерттеу жұмысының тақырыбы - «Лоренц кеңістігіндегі Фурье функциясының түрленуінің қосындыланатындығы». Бұл тақырып функционалдық кеңістіктер үшін жаңа интерполяциялық әдістермен байланысты.


[толығырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.