М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
08.12.2017

Филологтер театрда


М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі, 2008 жылғы Филиалдың түлегі Мария Киммен болған кездесу


Филологтер театрда


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы студенттерінің алдыңғы түлектермен кездесу өткізуі – жақсы дәстүрге айналып келеді. Бірінші курс студенттері үшін мұндай кездесулер өздеріне деген сенімділікті, түлектермен байланыстылықты, сабақтастықты орнатып, сақтауға тағылым береді.

Бірақ осындай кездесулердің өмірлік қажеттілік қыры да бар екенін айтпауға болмас. Ол – «университет бітірген соң қандай жерге жұмысқа орналасып, өзімнің білімдік әлеуетімді қалай тиімді жұмсай аламын?» деген сұраққа жауап іздеу.

Осындай сұрақтармен 3 курстың филолог-студенттері Филиалды 2008 жылы (мамандығы - «Филология») тәмамдаған түлегіміз М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі Ким (Блинова) Мариямен кездесуге барған болатын. Өзара сұхбаттасу театр қабырғасында өткізіліп, шолу эускурсиясы жүргізілді, соның арқасында жүзжылдық тарихы бар театрмен танысты. Мария Ким (Блинова) өзінің кәсіби қызметін университетті аяқтаған соң бірден бастап кеткен еді. Оған себепкер болған – түлектерге арналған Филиал өткізген «Бос орындар жәрмеңкесі» іс-шарасы еді. Тура сол жерден бастьап театрдың әдебюи бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.


[толығырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.