М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
12.12.2017

С.В. Богомолов Германияда болыр өткен «BIOKYBERNETIKA 2017» халықаралық конференцияға қатысты


11-12 желтоқсанда Дюссельдорфта «Biokybernetika 2017» халықаралық конференция болып өтті. Микро – макро модельдеудің әдіснамасы көптеген ғалымдардың зерттеулерінде, атап айтсақ, биологиялық, медициналық, әлеуметтік мәнмәтіндерде танылып келеді. Осы мәселе аталмыш жыл сайынғы өтетін конференцияда сөз етілді.

Бұл осымен төртінші рет өткізіліп отыорған конференция. Оның алдындағы конференция Мәскеуде, ММУ-дің есептеуіш математика және кибернетика факультетінде өткізілген болатын. Келесі «Биокибернетика 2018» де сол жерде өткізілуі жоспарлануда. Оған зор үлес қосып келе жатқан есептеме әдістер кафедрасының қызметкерлері екенін де атап кету керек.

Сергей Владимирович Богомолов, Филиал директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ-дің Есептеуіш математика және кибернетика факультетінде есептеме әдістер кафедрасының профессоры, аталған конференцияның жұмысына қатысқан болатын.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.