М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
21.12.2017

Би аэробикасы бойынша жарыс

21 желтоқсанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында дене шынықтыру сабақтарының аясында 1 семестрдің қорытындысы есепті болып саналатын би аэробикасынан жарыс болып өтті.

Дене шынықтырумен айналысу – барлық ауру атаулының алдын алумен бірдей, тән саулығы мен сұлулығын сақтаудың тиімді жолы, салауатты өмір ырғағы және тамаша көңіл-күй иесі болу.

Аэробика, осы тұрғыдан алғанда, ерекше болып табылады. Оның ішінде қарқын да, ырғақ та, барлық бұлшық еттер мен буынның қозғалысы да кіреді. Ал заманауи музыка әуені болса, жарқын түсті киімдер, әуезді күйге енген би ырғақтары – адамның ерекше эмоциялық күй кешуінің жақсы мүмкіндіктері.

Міне, би аэробиғасынан жарыста біздің студенттеріміз де өз бетімен аэробикадан композициялар жасап, өздерінің тәнін де, жанын да сұлулық әлеміне жетелеудің жақсы мүмкіндіктерін пайдалануды үйренді деп айтуға болады.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.