М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
19.01.2018

2017 жыл – даму жылы


19 қаңтарда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында оқытушылар мен қызметкерлердің 2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жиналысы болып өтті. Филиал директоры, профессор Александр Владимирович Сидорович аталмыш жиналыстың Мәскеу университетінің құрылған күні қарсаңында өткізіліп отырғанын атап өтті.

Директор өз сөзінде Филиалдың қызмет ету барысындағы қорытындылары мен перспективасына қатысты мәселелерге баса назар аударды. Өткен жылдың басты қорытындысы ретінде ММУ Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылғанын ерекше атап өтті. Аталған Келісімнің біздің Филиалымыздың бұдан әрі қарай даму жолындағы айрықша маңыздылығына ерекше тоқталды.

Директор Филиалымыздың қоғамдық саладағы «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне қатысуы, түрлі тақырыптарда форумдар мен дөңгелек үстелдер өткізілуі сияқты айтулы қызметін де баса атап өтті. ММУ Қазақстан филиалының Қазақстанның дамуы барысындағы және заманауи әлемнің даму қарқынындағы өзекті мәселелерді талқылайтын орталық орынға айналып келе жатқанына да директор өз сөзінде баса назар аударды. Филиалдың оқытушылары беделде конференциялар мен форумдарға жиі қатысатынын, филиалдың ұйымдастыруымен «Москва-Астана» атты (тамыз, 2017 ж.) Халықаралық мәдени-гуманитарлық форум өткізілгенін, әлеуметтік-саяси үдерістердің және еуразиялық интеграцияның дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылайтын

ММУ Қазақстан филиалының түлектерінің кәсіби жетістіктерін талдау барысы көрсеткеніндей, түлектердің дайындық сапасы олардың тек практикалық қызметке ғана емес, ғылыми салаға да көптеп баруынан танылады: филиал бакалавриатының көптеген түлектері ММУ магистратурасында конкурстан жеңіспен өтетіні осыған дәлел бола алады. А. В. Сидорович аспирантураға түсушілердің санын көбейту керектігіне және беделді ғылыми конференциялар мен форумдарға белсенді қатысу керектігіне де баса екпін қоя атап өтті.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.