М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.02.2018

«Springer Nature» баспасынан профессор Е.Д. Нурсултановтың редакциясын басқаруымен кітап жарық көрді


Жуықта «Springer Nature» баспрасынан ҚР ҰҒА академигі, профессор Т.Ш. Кальменовтың, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының профессор Е.Д. Нурсултановтың, Лондон Империялық колледж профессоры М.В. Ружанский, ҚР БҒМ Математика және математикалық модельдеу институтының профессоры М.А.Садыбеков редакторлары болып табылатын «Functional Analysis in Interdisciplinary Applications» атты кітап жарық көрді.

  Кітап Springer Nature баспасынан «Springer Proceedings in Mathematics and Statistics» сериясының 216-шы томы ретінде жарық көрді. Бұл томда функционалдық анализ бойынша ағымдағы зерттеулер және оның математикалық және математикалық физика бойынша қосымшасындағы бірқатар мәселелер қарастырылған зерттеулер берілген. Кітаптың мазмұнында «Пәнаралық қосымшалардағы функционалдық анализ» атты конференцияның (Астана, Қазақстан, қазан, 2017 г.) тиянақтылықпен іріктелген 40 шақты материалы ұсынылған.    

Қарастырылған материалдарда функция теориясы мен функционалдық кеңістіктер, дифференциалды теңдеулер және шеттік есептер, дифференциалды теңдеулер, интегралды операторлар, спектралды теория арасындағы байланыс,    физикадағы математикалық әдістер қарастырылады.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.