М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
07.02.2018

Орыс тілі мен әдебиеті бойынша кәсіби бағдарлы олимпиада


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы және Астанадағы Ресей ғылым мен мәдениет орталығы 2018 жылғы 7-8 ақпан күндері орыс тілі мен әдебиеті бойынша «И мы сохраним тебя, русская речь, великое русское слово…» атты кәсіби бағдарлы олимпиада өткізді.

РҒМО Астаналық мектептің жоғары сыныптарына арналған Олимпиаданы жыл сайын Қазақстанда орыс тілі мен әдебиетін қолдау және дамыту мақсатында өткізеді. М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасы дәстүрлі түрле бірге ұйымдастырушы болып саналады: құрамына кафедраның оқытушылары кіретін әдістемелік комиссия Олимпиаданың үш турына арналған тапсырмалар жүйесін әзірлейді, оны орындауды бақылап, жұмыстарды тексереді. Биылғы жылы Олимпиадаға астаналық 32 орыстілді мектептің 10-11 сыныптарынан 118 оқушы, қазақтілді 28 мектептен 10-11 сыныптарынан 116 оқушы қатысты.

Мектеп оқушыларына үш типтегі тапсырма орындауға берілді: ұсынылған тақырыптардың біреуіне шығарма жазу (қазақ тілді мектеп оқушыларына мазмұндама жазу), поэтикалық мәтіндерге салғастырмалы талдау жасау және прозалық мәтінге лингвистикалық талдау фрагменттерін жасау.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.