М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
05.10.2018

Кино әлемі – адам әлемі


М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында киноклуб ашылды.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалында қабылданған әлеуметтік-гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президентінің рухани жаңғыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Осы Тұжырымдама негізінде филология кафедрасы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетілдіруге сеп болатын факультативтік пәндер циклын іске асыруда. Осы оқу жылында «Әлем мәдениетінің тарихы» пәнінің аясында жаңа факультатив әзірленді, ол «Кино әлемі – адам әлемі» киноклубы форматында өткізіледі.

Факультатив жоспарында әлемдік мәдениеті және кинематография тарихы саласы бойынша студенттердің білімін кеңейтуге бағытталған тақырыптар ұсынылған. Тақырыптар бойынша студенттер дүниетанымдық және этикалық сипаттағы сұрақтарды талқылау қарастырылған.

Киноклуб отырысы дәрістер, фильм қарау, пікірталастар, кино жасаушылармен кездесулер түрінде өткзіледі.

Сабақты киносыншы,жазушы, драматург, сценарист, ҚазақстанРеспубликасы«Дарын» Мемлекеттік сыйлығының әдбеиет саласы бойынша лауреаты Джамиля Скандарбековна Аязбекова жүргізеді.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.