М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.12.2018

Іскери ойын «Әлеуметтік рөлдер және сыни жағдаяттарды басқару»


image001s.png2018 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, ММУ Қазақстан филиалының экономика кафедрасының оқытушылары С. Е. Орынбасарова және Г. Г. Горбач ММУ ҚФ Студенттер үйінде «Экономика» бағыты бойынша білім алып жатқан 2 және 3 курс студенттерімен кездесу өткізді. Бұл кездесудің ерекшелігі - оның іскери ойын түрінде ұйымдастырылуы. Іскери ойын студентерді шешім қабылдауға қажетті дағдыларын дамытуды, қабылданған шешімі үшін өзінің жауапкершілігін сезінуді, іскери қарым-қатынастың серіктестік орнату дағдыларын қалыптастыруды көздеді.


Іскери ойын барысында, интерактивтік технологияларды қолдана отырып, 50 студентпен біріге отырып пікірлесу мүмкіндігі туды. Студенттердің әрқайсысынң әлеуметтік рөлі айқындалып, екі сағат бойы соған лайықты проблемаларды шешу бойынша жағдаяттар ұсынылды. Студенттер өзіндік шешімдерін сыни тұрғыдан талдай отырып, алған жақсы әсерлері мен жағымды эмоцияларының оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін аңғарғанын айтты.


image004s.jpgСтуденттер мен оқытушылар мұндай біріге отырып жүргізілген іс-шараға дән риза екенін жасырмады. Мұндай іскери ойындар арқылы кәсіби білімін одан әрі шыңдау және алған білімін бағалау мүмкін екенін айтты.

Мәтін: С. Е. Орынбасарова



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.