М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
26.12.2018

Халықаралық симпозиум «Тіл, мәдениет, ғылым жаңа өркениеттік мәнмәтінде»


DSC_0390s.jpg2018 жылғы 13-16 желтоқсан күндері ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасының оқытушылары мен магистранттары «Тіл, мәдениет, ғылым жаңа өркениеттік мәнмәтінде» атты Халықаралық симпозиумға қатысты. Іс-шара филология ғылымдарының докторы, Қазақстан филиалының профессоры, ҚХА ҒСК мүшесі Н. Ж. Шаймерденованың 60 жылдық мерейтойына арналған.


Үш күн бойы, түрлі орындарда (Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, ММУ Қазақстан филиалы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Европа-Палас конференц-залы, № 59 мектеп-лицейі), спикерлер ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры мақаласы мазмұны мәнмәтініндегі тарихи сана туралы, қазақстандық қоғамдағы көпмәдениетіліктің дамуы, отандық тіл білімінің білім мазмұнын жаңарту мәнмәтініндегі қол жеткен жетістіктері, ғылым мен білім тілі, қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастың гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың тереңдей дамуы жөніндегі мәселелерді талқылады.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.