М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
26.12.2018

Диссертация қорғалды

IMG_1050s.jpg2018 жылғы 15 желтоқсанда Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Диссертациялық кеңесте математикадан (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесін ізденуге арналған «Теоремы вложения для пространств Никольского-Бесова и некоторые задачи теории приближений в анизотропных пространствах» тақырыбында филиалдың математика және информатика кафедрасының оқытушысы Ержан Төлеуғазы диссертация қорғады. Ғылыми кеңесшілері: Куаныш Абдрахманович Бекмаганбетов – физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының доцентіжәне Сергей Юрьевич Тихонов – PhD, математикалық зерттеулер орталығының профессоры (Барселона қ., Испания). image001s.jpg


Сол күні математикадан (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесін ізденуге арналған «Асимптотические оценки сумм кратных тригонометрических рядов и мультипликаторы кратных рядов Фурье» тақырыбында Филиалдың түлегі Айжан Ыдырыс диссертация қорғады.Ғылыми кеңесшілері: Ерлан Даутбекович Нурсултанов – физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының меңгерушісі және Михаил Иванович Дьяченко – физика-математика ғылымдарының докторы, М. В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры.


image003s.jpgММУ Қазақстан филиалының үжымы Ержан Төлеуғазы мен Айжан Ыдырысты диссертация қорғауымен құттықтайды және оларға ғылыми табыстар тілейді.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.