М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.06.2019

Түлектер күні – 2019


ASK_2906 (324)s.jpg


2019 жылғы 29 маусымда Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың конференц-залында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өткізілді.


Биылғы жылы Филиалда он бесінші рет түлектерді құттықтау өткізілуде, бұл дегеніміз - тағы да 149 білікті маман (114 бакалавр, 35 магистр) дайындалғанының дәлелі. Олар өздерінің білімдерін өмірде қолдануға, білім ұясы болған өз alma materін паш етуге дайын. Түлектерді осынау қуаныштарымен құттықтауға олардың ата-аналары, Қазақстан филиалының оқытушылары, құрметті қонақтары мен достары келген болатын.


Салатанатты кешті ММУдің еңбегі сіңген профессоры, Ресей Федерациясы білім беру саласының құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері, ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович ашты.


Түлектерге сәтті сапар тілеп, құттықтау сөзін сөйлеген құрметті қонақтар қатарында: Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Николаевич Бородавкин; Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты, ұшқыш-космонавт, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы, профессор Талғат Амангельдиевич Мусабаев; Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Баймағамбетович Мамраев; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Иванович Рогов; «Астана» Халықаралық университетінің президенті, «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің басқарушы директоры Серік Азтаевич Ирсалиев; Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары ассоциациясының төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, Анатолий Афанасьевич Башмаков; Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің төрағасы орынбасары, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Калашникова Наталья Павловна; «Индустрия және экспорттау Қазақстан орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, Филиалдың 2009 жылғы «Экономика» бағытындағы түлегі Әлішер Елисович Абдыкадыров болды.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.