М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
08.07.2019

Филиал директоры А.В. Сидорович ЕДБ Төрағасының орынбасары М.Құсайыновпен және ЕДБ аналитикалық блок басшыларымен кездесті


8 шілдеде, Еуразия даму банкінің Мәскеу университетімен орнатылған серіктестік қатынасы аясында, ЕДБ Төрағасының орынбасары М.Құсайынов ЕДБ аналитикалық блок басшыларымен бірге, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесу өткізді. ММУ тарапынан проректордың орынбасары Бочков Игорь Павлович және Қазақстан филиалының директоры Сидорович Александр Владимирович қатысты.


Тараптар біріккен зерттеулер саласындағы ынтымақтастық жөнінде, ММУ студенттері мен аспиранттарының ЕДБ-де тағылымдама мен практикадан өтуі туралы пікірлерін айтты.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.