М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
04.09.2019

Тарихи-деректі «1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы» көрмесінің ашылуына қатысу



IMG_7417s.jpg


ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары, сонымен бірге ММУ факультеттерінің оқытушылары тарихи-деректі «1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы» көрмесінің ашылуына қатысты.


2019 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштерінің Әскери-тарихи музейінде (Нұр-Сұлтан қ.), Ресей Федерациясының елшілігі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей ғылыми және мәдени орталығы ұйымдастырған, ҚР Қорғаныс күштерінің Әскери-тарихи музейі қолдауымен Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына 80 жыл толуына арналған тарихи-деректі көрмесі ашылуы өткізілді.


IMG_7434s.jpg


Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Н. Бородавкин, Қазақстан Республикасы Қорғаныс күші Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор М. Таласов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.К. Түймебаев және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары В. К. Божко, сонымен бірге, мемлекеттердің елшілері, Қазақстан мемлекеттік органдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустардың өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, тарихшылар мен сарапшылар қатысты.


IMG_7266s.jpg


Көрме материалдарының қатарында Екінші дүниежүзілік соғыстың туындауына алып келген оқиғалар туралы тарихи нақты және сенімді мәліметтер бар құжаттар ұсынылды.


Мәтін: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Фото: Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей ғылыми және мәдени орталығы


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.