М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
16.04.2014

Студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ломоносов – 2014» Х халықаралық ғылыми конференциясы

Ақпараттық хабарлама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Астана қаласы

2014 жылдың 18-19 сәуірі


Студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ломоносов – 2014»
Х халықаралық ғылыми конференциясы


[ақпараттық хабарламаның толық мәтінін қосымшаларымен алу]

 

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы 2014 жылдың 18–19 сәуірінде Студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов – 2014» халықаралық конференциясын өткізеді. Бұл М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті өткізетін «Ломоносов – 2014» жастардың ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады.

2014 жылдың ерекше маңыздылығы сонда, биылғы жылы Қазақстан мен Ресейдің, еуразиялық кеңістік елдерінің қауымдастығы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Мәскеу университетінде Еуразиялық Одақ идеясын ұсынған тарихи сөзінің 20 жылдығын атап өтеді.

2014 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының 1000-түлегі диплом алмақ.

Студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов – 2014» халықаралық конференциясының ерекшелігі сол, оған ММУ Қазақстан филиалының түлектері қатысады. Мерейлік іс-шаралар ауқымында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы түлектерінің кездесуі ұйымдастырылмақ.

Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың М.В.Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінің 20 жылдығына арналған «Еуразиялық одақ: идеядан - нәтижелерге» атты халықаралық форум күндерінде ашылады.

Конференция мақсаты – студентттер, магистранттар мен жас ғалымдардың шығармашылдық белсенділігін дамыту, оларды қазіргі ғылымның көкейтесті мәселелерін шешуге тарту, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның студенттері мен жас ғалымдарының біліми және ғылыми байланыстарын дамытуға септесу.

Конференцияның Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор А.В.Сидорович.

 

Конференция шегінде мынадай секциялардың жұмысы жоспарланған:

  1. «Математиканың қазіргі проблемалары».
  2. «Математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар».
  3. Экономика ғылымының «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен еуразиялық ықпалдастықты іске асырудағы рөлі.
  4. «Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері».
  5. «Өңірлік экологиялық пролемаларды бағалаудың қазіргі әдістері мен ыңғайлары».
  6. «Еуразиялық мәдениет: дәстүрлер және қазіргі заман».

 

Сараптамалық кеңестерді М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың жетекші ғалымдары басқарады.

Конференцияға қатысуға ғылыми жетекшілерінің ұсынысымен студенттер, магистрранттар және 35 жасқа толмаған жас ғалымдар шақырылады.

Жас ғалым болып ғылыми дәрежесі жоқ докторант, ізденуші, аспирант, оқытушы, ғылыми қызметкер; ғылым кандидаты дәрежесі бар оқытушы, аға оқытушы, ғылыми қызметкер саналады. Доценттер, профессорлар, ғылым докторлары, тіпті 35 жасқа жетпесе де, конференцияға қатысушылар қатарына қосылмайды.

Егер жұмыс авторластықпен орындалса, әрбір автор қатысушыларға байланысты жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болуға тиісті.

Ғылыми жетекшімен авторластыққа жол берілмейді, алайда оған қосымша ескерме арқылы алғыс білдіруге болады.

Ұйымдастыру жарнасы 2000 теңге.

 

Ұйымдастыру комитеті Форумның өту тәртібін белгілеген:

17 сәуір  – қатысушылардың келуі.

18 сәуір – жалпы мәжіліс, секциялардың жұмысы, көрмелер, таныстырылымдар.

19 сәуір – жабылу салтанаты, қорытындылар шығару, ММУ Қазақстан филиалы түлектерінің кездесуі.

Конференцияға қатысқысы келетіндер msukz@mail.ru электрондық мекен жайына мыналарды жолдауы қажет:
– белгіленген пішіндегі сауалнама-өтінім;

– ресімдеуге қойылатын талаптарға сай келетін баяндама тезистері;

– ғылыми жетекшінің немесе ЖОО (факультет) басшылығының ұсыныс-рецензиясы;

- ұйымдастыру жарнасын төлеген квитанциясының көшірмесі.

 

Жарнаны М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының мына шотына аудару қажет: Казахстанский филиал МГУ имени М.В.Ломоносова, ФАО «Банк ЦентрКредит» г. Астана, ИИК – KZ028560000000092301, БИК – KCJBKZKX, РНН – 620200014744, БИН – 001241003752, КБЕ 26.

Көрсетілген материалдар 2014 жылдың 1 наурызына дейін ұсынылуға тиіс.

Ұсынылға тезистер бойынша қатысушыларды іріктеу құқығы Ұйымдастыру комитетінде болады. Конференция материалдары тікелей көшірме жасау жолымен ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Ұйымдастыру комитеті жол, тұрғынжай, тамақтану, конференция материалдарын поштамен тарату шығындарын мойнына алмайды.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

Қазақстан, 010010, Астана қ., Қажымұқан к-сі, 11 (Мұңайтпасов к-сі, 7), 726-кабинет.

«Ломоносов – 2014» Ұйымдастыру комитеті.

 

1-секция.       «Математиканың қазіргі проблемалары»

2-секция.       «Математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар»

Математика және ақпараттану кафедрасы: (7172) 35-20-28,

Көпежанова Айгерім Нұржанқызы, зертханашы – 729-кабинет.

 

3-секция.       «Экономика ғылымының «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен еуразиялық ықпалдастықты іске асырудағы рөлі

Экономика кафедрасы: (7172) 35-18-59,

Бейсенбаева Анаргүл Жұмағұлқызы, зертханашы – 729-кабинет.

 

4-секция.       «Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері»

Филология кафедрасы: (7172) 35-19-42, 34-05-03,

Шәріпова Әсел Есенбайқызы, зертханашы – 708-кабинет,

Нығыманова Марал Сейіткенқызы, зертханашы  - 701-кабинет.

 

5-секция.       «Өңірлік экологиялық пролемаларды бағалаудың қазіргі әдістері мен ыңғайлары»

Экология және табиғатпайдалану кафедрасы: (7172) 35-19-36,

Мұғалімова Айбын Ахмадиқызы, әдістемеші – 707-кабинет.

 

6-секция.       «Еуразиялық мәдениет: дәстүрлер және қазіргі заман»

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы: (7172) 35-18-51,

Абылқасова Сәуле Жұмағұлқызы, зертханашы – 704-кабинет.

Телефон/факс:  (7172) 35-34-05

Е-mail: msukz@mail.ru


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.