М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь
«Тенгри» әдеби клубының алғашқы отырысы

Сабақ басталысымен, ММУ Қазақстан филиалында «Тенгри» әдеби клубының қызметі де қайта басталды. Әдеби клубтың алғашқы мәжілісі 2017 жылғы 12 қыркүйекте өткізілді. Мұнда студенттер мен клубқа қатысушылар әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымдарының кандидаты, ММУ филология факультетінің доценті Николай Георгиевич Мельниковпен кездесті.

«Тенгри» әдеби клубы – жаңа оқу жылында өзінің жұмысын бірден бастап кеткендердің бірі. Филология кафедрасының меңгерушісі Галина Ивановна Власова атап көрсеткеніндей, Клубқа мүше болуға асыққандардың саны өте көп, әсіресе, Филиалдағы бірінші курстықтардың белсенділігі жоғары.

«Тенгри» әдеби клубы 7 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Оның басты мақсаты – студент жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, Клубтың басты ұраны – «Классика. Ниет адалдығы. Іздену. Заманауилық».

Н.Г. Мельниковтің дәрісі «Жазушы еңбегі. Жазушның шеберлік лабораториясы» тақырыбына арналды. Лектор жазушы, ақын және аудармашы Владимир Владимирович Набоковтың шығармашылығының үлгісінде шығармашыл тұлға, әдеби абырой мен жазушылық стратегиялар туралы мәселелерге баса назар аударды. Лектор студенттерге «Иностранная литература» журналының «Сорок лет без Набокова»деп аталатын маусымдық нөмірін таныстырды. Бұл тақырыптық басылымның кіріспесінде осы нөмірді құрастырушы – Н.Г. Мельниковтің «В одуряюще сложной перспективе памяти…» деп аталатын мақаласы жарияланған.

[нақтырақ]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.