М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь
«Тенгри» әдеби клубының отырысы

2017 жылғы 3 қазанда ММУ Қазақстан филиалында «Тенгри» әдеби клубының екінші отырысы өткізілді. Кездесуге М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары мен «Филология» және «Экология және табиғатты пайдалану» бағытында оқитын студенттер, сонымен бірге басқа ЖОО-дан қонақтар қатысты.

Отырыстың тақырыбы – «Өлеңді қалай жазуға болады?» деп аталды. Бұл – ақын В.В. Маяковскийге жасалған сілтеме екені де белгілі. Кездесу барысында Татьяна Васильевна Кривощапова – профессор, филология ғылымдарының докторы – өлең шығарудың негіздері туралы қысқаша дәріс оқыды. Сонымен қатар, мысалдары арқылы түрлі мәдениеттердегі өлең шығару үлгілерін көрсетті.


[нақтырақ]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.