М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь

ММУ Қазақстан филиалының Студенттер үйінде «Тоғыз құмалақ» бойынша шеберлік сыныбы өткізілді

IMG_4748s.jpg7 желтоқсанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының Студенттер үйінде қазақтың ұлттық ойыны, қызықты да тартымды «Тоғыз құмалақ» бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Оны өткізгендер – разряды бар спортшылар мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жаттықтырушысы К.К. Куланова. Шеберлік сыныбына елуге жуық студент қатысты.

Аталған іс-шара өте қызықты және тартымды болды: бұрын «тоғыз құмалақ» ойынын білмейтіндер ойнап үйренсе, бұрыннан ойнай алатындар өздерінен де тәжірибелі ойыншылардың пайдалы кеңестерін тыңдады. Студенттер шеберлік сыныбынан оларға жаңа білім мен жақсы көңіл күй сыйлағандарға риза болып қайтты.

IMG_4745s.jpg Тоғыз құмалақ (9 тас) – қазақтың үстел ойыны. Осылай аталу себебі, ондағы 81 (9х9) және 162 (2х9х9) негізінде 9 саны бар. Ал ол сан ежелгі түркілер мен моңғолдарда қасиетті сан болып есептеледі. Тақта үстінде 18 отау және екі қазан орналасқан. Ойыннның басында әр ойыншыға тоғыздан тас беріледі. Міндет: өз қазанына тасты неғұрлым көп етіп жинау.

Осы ретте М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ӘҒП кафедрасына, дене шынықтыру оқытушыларына алғыс айтуды жөн көреміз. Сіздерге шеберлік сыныбын ұйымдастырғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Осындай іс-шаралар жиі болады деп үміттенеміз!

Хотелось бы выразить благодарность организаторам данного мероприятия: кафедре СГД, преподавателям физической культуры Казахстанского филиала МГУ имени М.В.Ломоносова. Спасибо вам за организацию мастер-класса. Мы надеемся, что такие мероприятия будут проводиться как можно чаще!


Мәтін: Екатерина Кан

Фото: Клюкина Е.И


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.