М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь


IMG_2406s.jpg

Салқын болса да сәулесі жарқырап тұрған күздің әдемі күнінде астаналық саябақтың бірінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының жастық қуат пен жігерге толы студенттері жиналды. Қалыптасқан дәстүр бойынша, жыл сайын қазан айының басында, Филиалдың дене шынықтыру пәні оқытушылары Д.С. Ташкеев, И.И. Лиховец , Е.И. Клюкинаның ұйымдастыруымен «Алтын күз» атты университеттік кросс өткізіледі.

Кросқа Филиалдың барлық мамандықтарында оқитын бірінші және екінші курс студенттері мен Филиалдың оқытушылары Ю.В. Баева, А.Ж. Баев, А.М. Чепкова, К.А. Бекмагамбетов, Д.Г. Токтарбаев қатысты. Көптеген спортшылар өздерінің тұмауратып қалғанына, салқын тигеніне, травма алып қалғанына қарамастан, өздерінің спортсүйгіштік қасиеті мен ерлікке деген құштарлық сезімін дәлелдеді.

Алдымен, сәл сергіту жаттығуларын орындап алған соң, екі километрлік қашықтыққа жүгіруге жігіттер шықты. Сөреден соңғы жүгіруші көзден таса болып жатқанда, 5 минут өтпестен, мына жақтан қашықтықты еңсерген желаяқтар да көріне бастады. Олардың мәреге жетуіне деген құлшыныстарын күтіп тұрған ару қыздардың қолпаштаған сөздері де қыздыра түскендей еді. Бұл жарыста жеңімпаз атағын ВМК бірінші курсының студенті Жалғас Нұрахметов жеңіп алды. Екінші болып мәреге былтырғы нәтижесін қайталаған Кожемяк Виталий жетті. Үшінші орынды математика мамандығының екінші курс студенті Иванков Андрей иемденді.

IMG_2507s.jpgҚыздар, қашықтықтың қысқалығына қарамастан, өздерінің жылдамдығы мен сымбатымен тәнті етті. Қыздар арасында, әсіресе, «Экономика» мамандығының бірінші курс студенттері Лепесбаева Елизавета мен Милюта Евгения ерекше көзге түсті. Ал бас орындарға экономика кафедрасының ассистенті Ю.В. Баева мен география мамандығының бірінші курс студенті Темірбекова Назым ие болды.

IMG_2675s.jpg

Әрине, жеңіс – тамаша адамдармен бірге, денсаулыққа пайдалы өткізген алтын уақытқа қосымша ғана деуге болады. Тек осындай іс-шаралар арқылы ғана Филиал студенттерінің басын біріктіріп, әлі бірін-бірі танып болмаған бірінші курс студенттеріне жақынырақ танысуға мүмкіндіктер болады. Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде студенттердің «Бәрекелді!» деген қуанышты дауыстары саябақтың ішінде жаңғырып тұрды. Бүгінгі кросс арқылы ММУ Қазақстан Филиалының жастары студенттік өмірдің тағы да бір жарқын сәттерін басынан өткеріп, тағы бір қадам алға қарай, болашақ жеңістерге қарай өсті.


Мәтін: Анастасия Маскевич

Фото: К.С. Байрактар (Фотогалерея)


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.