М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат

Экология және табиғатты пайдалану кафедрасы



Экология және табиғатты пайдалану кафедрасы 2012 жылы Филиалдағы 2006 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының базасында құрылған. Одан бұрын кафедра Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының құрамында болған (2008-2011 жж.).


6s.jpg


Кафедраны география ғылымдарының докторы, ММУ география факультеті деканының Қазақстан филиалы бойынша орынбасары, Ресейдің экономикалық және әлеуметтік географиясы кафедрасының профессоры Виктория Расуловна Битюкова меңгереді.

 

Оқу процесін ММУ география факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы Филиалдың штаттық оқытушыларымен бірлесіп қамтамасыз етеді. Жыл сайын, дәріс оқу және семинарлық сабақтар өткізу үшін ММУ география факультетінің жоғары білікті оқытушылары келеді, олардың қатарында:


ғылым докторлары, профессорлар Битюкова В.Р., Голубева Е.И., Гущина Д.Ю., Фролова Н.Л., Хорошев А.В.,

 

ғылым кандидаттары, доценттер:   Алексеенко Н.А., Беляев Ю.Р., Голованов Д.Л., Иванов А.Н., Дронин Н.М., Калуцкова Н.Н., Кречетов П.П., Леонова Н.Б., Сафронов С.Г. және т.б. бар.


Кафедра, 2017 г


Кафедрада келесі қазақстандық жетекші мамандар қызмет етеді: профессор, химия ғылымдарының докторы Еркасов Р.Ш., биология ғылымдарының докторы, доцент Кухар Е.В., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедра меңгерушісінің орынбасары Жалбинова С.К., сонымен қатар Филиалдың өз түлектері география ғылымдарының кандидаты, доктор PhD, аға оқытушы Табелинова А.С., география ғылымдарының кандиадты Дехнич В.С., кафедра ассистенттері Укашова С.С., Оспанова А.Е. және кафедраның аға әдіскері Муғалимова А.А.



Оқытушылардың толық тізімі>>>



Оқу-әдістемелік жұмыс 05.03.06. «Экология және табиғатты пайдалану» Федералдық мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Оқу процесі іргелі білім, заманауи ақпараттық технологиялар мен еәсбіи білім практикасының бірлігі принципінің негізінде жүзеге асырылады. Студенттердің базалық және кәсіби пәндер бойынша іргелі білім алуына ерекше назар аударылады.

 

Кафедраның оқытушылары авторлығымен «Табиғатты пайдаланудың құқықтық негіздері», «Техногендік жүйелер және экологиялық тәуекелдер», «Экология және табиғатты пайдаланудағы ГИС» атты оқу-әдістемелік кешендер басылып шығарылды.



2s.jpg

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі экология және табиғатты пайдалану саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің теориялық-әдіснамалық және ғылыми-практикалық негіздерін әзірлеуге бағытталған.




Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары:

 

• табиғат ресурстарының экологиялық-экономикалық бағалнуы;

 

• экологиялық модельдеу және болжамдау;

 

• табиғатты пайдаланудың экономикалық аспектілері;

 

• аймақтық табиғатты пайдалану.


1s.jpg


Ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды құраушысы ретінде кафедра оқытушыларының ғылыми-ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми семинарларға қатысуларын атауға болады. Жыл сайын «Геоурбанистика негіздері және қала экологиясы» пәні аясында ғылыми семинарлар өткізіліп тұрады, оларда Қазақстан қалалары дамуының әлеуметтік-экологиялық мәселелері қарастырылады. Семинардың жұмысына Филиалдың оқытушылары, студенттері және оқуды бітірген түлектері қатысады. Үшінші курс студенттерінің командасы зерттеу презентацияларын ұсынып, оларда түрлі далалық бақылаулар, жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау әдістемелерін қолдана отырып өзекті экологиялық мәселелерді баяндайды, ол мәселелерді шешудің түрлі жолдарын ұсынады.


Кафедра оқытушылары ғылыми іс-шараларға қатысады, ғылыми мақалалары халықаралық, республикалық журналдарда, жинақтарда жарияланған (импакт-фактормен, РИНЦ-пен). География ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Табелинова А.С. Азиялық географиялық ассоциация (AGA) мүшесі болып табылады.


IMG_1908s.jpg 


ММУ жетекші оқытушылары Филиал студенттері мен оқытушылары үшін экологиялық тақырыптарға қонақ дәрісін дайындап өткізеді, айталық Филиалда осындай қонақ дәрісін өткізгендер: Гущина Д.Ю., метеорология және климатология кафедрасының профессоры, Дронин Н.М., г.ғ.к., әлемнің физикалық географиясы және геоэкологии кафедрасындағы табиғи ресурстар және техногендік өзгерістер лабораториясының меңгерушісі, Голованов Д.Л., г.ғ.к., ландшафт геохимиясы және топырақ географиясы кафедрасының доценті және тағы басқалар.


IMG_2474s.jpg 


Студенттердің ҒЗЖ бағыттары:

 

  • табиғатты рационалды пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін әзірлеу;

 

  • жер ресурстарын бағалау және жерді пайдалануды оптималдандыру;

 

  • қорғалатын аймақтарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін әзірлеу;

 

  • қоршаған ортаның ластануын табиғи индикациялау;

 

  • климаттың жаһандыө өзгеріске түсуі;

 

  • қалалық ортаның экологиялық геохимиясы;

 

  • экологиялық геоақпараттық жүйені әзірлеу және құрау;

 

  • аймақтық картографияның теориялық негіздерін әзірлеу және т.б.


IMG_1357s.jpg

[толығырақ...]

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.