М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2012 жылы Филиалда оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, және тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды. Кафедра барлық мамандықтар бойынша Филиалдың оқу жоспарлары бойынша қарастырылған әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудың қамтамасыз ететін оқу-ғылыми құрылым бөлімшесі болып табылады.

 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ММУ Жарғысына, университеттің Ғылыми кеңесінің шешімдеріне, ректордың бұйрықтарына, Филиалдың Ғылыми кеңесінің шешімдеріне, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының бұйрықтарына сәйкес қызмет етеді.

 

IMG_7694-2s.jpg


Кафедраның меңгерушісі – Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Р. Ж. Абдильдина, адам еркіндігі дамуы мәселелері бойынша, адамның жеке тұлғасы қалыптасуы, қазақ және әлем философиясы бойынша бірқатар монографиялардың авторы.

 

Кафедра штатында философия ғылымдарының докторы, профессор С. Ш. Аязбекова; тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. А. Ермекбай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. С. Мажитова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д. С. Ташкеев, аға оқытушылар И. И. Лиховец, Е. И. Клюкина, О. А. Волков және әдіскер С.Ж. Абылкасова қызмет етеді.


К учебному процессу привлекаются лучшие научные работники и преподаватели ВУЗов г. Нур-Султана, научно-исследовательских институтов, различных государственных учреждений Казахстана (академик НАН РК, доктор философских наук, профессор, Ж. М. Абдильдин; академик МАИН, доктор политических наук, профессор Н. П. Калашникова; доктор исторических наук, профессор А. И. Оразбаева; кандидат педагогических наук, доцент Л. В. Нефедова). Сотрудничество с учеными – представителями университетов республики позволяет обмениваться научными наработками, методологическим и педагогическим опытом. 

 

Оқытушылардың толық тізімі >>>

 


IMG_9472s.jpg

 

Оқу-әдістемелік жұмыс мемлекеттік білім беру сатндарттарына және ММУ бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Кафедра оқытушылары тарапынан пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары әзірленген, олардың мазмұнында аудиториялық сабақтардың күнтізбелік жоспары, дәрістер мен семинар сабақтардың мазмұны, студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспары мен бақылау кестесі, міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі берілген. Жұмыс бағдарламалары ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды өткізуге қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген, мазмұнында студенттердің өз бетімен оқып-меңгеруі тиіс тақырыптар бойынша материалдар берілген. Кафедраның оқытушылары Филиалда оқытылатын барлық бағыттар мен мамандықтар бойынша келесі пәндерді жүргізеді: Қазақстан тарихы, Ресей тарихы, философия, өмір әрекеті қауіпсіздігі және жекелеген мамандықтар бойынша келесі пәндерден сабақ береді: әлеуметтану, педагогика және психология, дене шынықтыру т.б. Ғылыми-зерттеу жұмыстар кафедраның жоспарына сәйкес түрлі ғылм бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Ғылыми-жұмыстың маңызды құраушысы ретінде түрлі мәртебесі бар ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу-әідстемелік конференция қатысуын атауға болады.


IMG_8703s.jpg

 

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмысы заманауи ғылыми-теориялық таным мен шығармашылық ойлаудың логикасының мәселелерімен байланысты (ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Ж. М. Абдильдин, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Р. Ж. Абдильдина); бостандық - демократияның заманауи тұжырымдамасының бастауы (ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Ж. М. Абдильдин, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Р. Ж. Абдильдина); еуразиялық мәдениет, имиджеологии (ф.ғ.д., профессор С. Ш. Аязбекова); дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-мәдени дамуының өркениеттік ерекшеліктері (т.ғ.д., профессор А.И. Оразбаева); қазақ қоғамының тірек компоненттеріне қатысты тарихи дискурс пен нарративтер (т.ғ.д., профессор Ж. С. Мажитова). Мұрағат материалдарының негізінде көрнекті ғалым Шоқан Уәлихановтың қызметі зерттелуде, репатрианттардың Қазақстандағы білім беру ісіне, ғылымға, мәдениет пен іскерлікке қосқан үлесі (т.ғ.д., профессор Ж. А. Ермекбай).

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қазақстандық және ресейлік ғылыми журналдардың қызметіне белсене қатысады: профессор Р. Ж. Абдильдина ҚР ҰҒА Философия, саясаттану және дінтану институтының «Әл-Фараби» атты әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу журанлының сарапшылар кеңесінде; сонымен қатар, «Адам әлемі» атты философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журналдың редакция коллегиясының мүшесі. Профессор Ж. А. Ермекбай – ресейлік «Вестник Томского государственного университета. История» журналының редакциялық ғылыми кеңесінің мүшесі, «Известия Иркутского государственного университета», серия «История», журналының редакциялық кеңесінің мүшесі, РҒА Сібір бөлімінің «Гуманитарные науки Сибири» журналының журналының редакциялық кеңесінің мүшесі. Профессор С. Ш. Аязбекова – Халықаралық ғылым және жоғары білім академиясының Қазақстан Республикасы ғылыми талдау ұлттық федерациясының мүшесі (Ұлыбритания); Жаһандық халықаралық ғылыми-талдау жобасының аясындағы «Философия ғылымдары», «Мәдениеттану, дене шынықтыру және спорт», «Саясаттану ғылымдары», «Әлеуметтану ғылымдары», «Филологиялық ғылымдар» саласы бойынша Қазақстанның ғылыми талдау бойынша Ұлттық командалардың мүшесі (Gisap); Ғылыми-әдістемелік электрондық «Концепт» журналының редколлегия мүшесі (Ресей) – (ВАК журналы).

 

ӘГП кафедрасы атқаратын тәрбиедік жұмыстар қазақстандық қоғамның экономикалық, саяси қатынастары, құндылықтар жүйесінің өзгерістері дамуы барысындағы жаңа міндеттерді жүзеге асырумен байланысты жүргізіледі. ӘГП кафедрасы ММУ Қазақстан филиалының Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру Тұжырымдамасын әзірледі, оның мақсаты – Филиалда білім алатын әрбір студенттің қалыптасуы, дамуы, өзінің білімі мен білігін жүзеге асыра алуы үшін және әлеуметтенуі үшін қажетті оңтайлы жағдайлар жасау, әр студенттің Қазақстан Республикасының азаматы, патриоты ретіндегі болмысын қалыптастыру, оларды кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылыққа тәрбиелеу.

 


IMG_2294s.jpg


Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру Тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Филиалда зияткерлік, әлеуметтік және спорт іс-шаралары өткізіледі.


IMG_5604s.jpg 


Филиалдың оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі өткізетін іс-шараларға: футбол ЖОО спартакиадаларына, «Біз –салауатты Қазақстан үшін» қалалық студенттер универсиадасында, жалпықалалық «Денсаулық –зор байлық» спартакиадасында, концерттерге, кездесулерге, пікір алсыулар мен жарыстарға белсене қатысады. Жыл сайын дене шынықтыру пәні оқытушылары студенттер арасында жеңіл атлетикадан күзгі және көктемгі эстафеталар, «Алтын күз» кроссын, мини-футболдан жарыстар өткізеді. Сонымен бірге ММУ Студенттер үйінде студенттер мен магистранттар арасында тоғызқұмалақтан, үстел теннисінен, шахматтан, волейболдан ұйымдастырып өткізеді.


IMG_5704s.jpg 


IMG_3340[1]s.jpg


20180509_142302s.jpg


IMG_0144s.jpg



IMG_8847s.jpg


[толығырақ...]

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.