10.10.2018

Филиалдың студенттері мен оқытушылары ХІІ жылсайынғы Цветаеваның алауына қатысты


«Менің соншалықты ерте жазылған өлеңдерім...»


compressed_file1s.jpgАстана қаласында 2018 жылғы 10 қазанда Ресей ғылым және мәдениет орталығында ММУ Қазақстандық филиалының бастамасымен ақынның 126 жылдығына арналған ХІІ жылсайынғы Цветаеваның алауы өткізілді.

Мұндай іс-шара – Марина Цветаеваның өмірімен және шығармашылығымен мектеп бағдарламасынан тыс жақынырақ танысуға және оның шығармаларын оқығандарды тыңдауға берілген ерекше мүмкіндік.

Алғашқы Цветаева алауы ең алғаш ХХ ғасырдың 80-жылдары Калуга облысындағы Таруса қалашығында, ақын дүниеге келген қазан айының алғашқы жексенбісінде, «шетен жидесінің алқызыл түске боялған» күнінде жағылған еді.

Енді міне, Ресей ғылым және мәдениет орталығының ұядай залында Цветаеваның шығармашылығына деген дәстүрлі «алау» мен махаббаттың нұры сәулеленді. Іс-шараның тұсауын кескен – ММУ Қазақстандық филиалдыңпрофессоры, ф.ғ.д.. Татьяна Васильевна Кривощапова болды. Ғалымның кіріспе сөзі іс-шараға қатысушыларды сонау алғаш рет Цветаева алауы жанған жерге жетелегендей болды. Ақынның трагедияға толы өмірі мен жат елде жүріп Отанын аңсаған арманынын танытты.


[нақтырақ...]