2018 жылғы 26–30 қарашада ММУ Қазақстан филиалында дәстүрлі Қазақ тілі апталығы болып өтті. Апталық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай өткізілді.
26 қараша күні Апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Апталықтың салтанатты ашылуында филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г. И. Власова және профессор Н. Ж. Құрман сөз сөйлеп, апталық туралы айтып берді. Апталықтың ашылу күніне орай, студенттер Тұңғыш Президент күні мен ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған қабырға газеттерін шығарды.