2019 жылғы 19 қазанда ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен оқытушылары А.С. Пушкиннің ескерткішінің қасына ақын оқыған лицейдің 208 жылдығына орай жиналды.
Гүл шоқтарын қою аяқталған соң, келушілерге арнап профессор Г.И.Власова сөз сөйледі. Сөзінің аяғын ол «Достар, біздің одағымыз тамаша»! деп аяқтады.
Лицейдің тарихы туралы, лицейдің мұғалімдері мен түлектері туралы қысқаша баяндаманы профессор Т.В. Кривощапова жасады.
Лицейді рухани ерекшеліктері туралы студенттік достық туралы қысқаша ММУ филология факультетінің орыс әдебиетінің тарихы кафедрасының доценті Н. Г. Мельников айтып берді.
Филолог студенттер сүйікті өлеңдерін оқыды.
Осылайша, дәстүр бойынша, жылына екі рет – 19 қазан және 6 маусымда - А.С. Пушкин ескерткішінің жанында жиналатын Филиалдың студенттері осы іс-шаранаың игілігі ұзақ болуын қалайтынын білдірді.