Бакалавриат
– Талапкерлердің ММУ Қазақстан филиалына Олимпиада арқылы түсуге қандай мүмкіндіктері бар?
– 11 сынып оқушылары Қазақстан филиалының мектеп оқушыларына арналған Олимпиадасына қатыса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Филиалға оқуға түсу емтиханын тапсырмай-ақ түсуге құқылы. Олардың Олимпиадада жинақтаған баллдары оқуға түсер кезде есепке алынады.
Олимпиада математика, география, орыс тілі мен әдебиеті бойынша өткізіледі. 2024-2025 оқу жылында Олимпиада қорытындылары бойынша 36 адам оқуға түсті. Сөз кезегінде, біз - өз Олимпиадасын өткізетін ММУ-дің жалғыз Филиал екенімізді айтып кетеміз.
Биылғы жылы Олимпиада еліміздің бірнеше өңірінде өткізілетін болады. Форматы - күндізгі, жазбаша түрде. Іріктеу кезеңі қашықтан өткізілетін болады. Іріктеу кезеңіне қатысу үшін 2025 жылғы ақпан айының 1-14 аралығында Филиалдың сайтына тіркелу қажет.
Барлық түлектерді ММУ Қазақстан филиалының Олимпиадасына қатысуға шақырамыз! Біздің жаңалықтарымызды үзбей қарап жүріңіздер!
– «Филология» бағытына оқуға түсушілер үшін өткізілетін түсу сынақтарында өзгерістер бар ма?
– Иә, үлкен өзгерістер бар. Биылғы жылы шет тілі емтиханы болмайды. «Филология» мамандығына оқуға түсушілер екі емтихан тапсырады – орыс әдебиетінен және орыс тілінен.
– Биылғы жылы бакалавриатқа қабылдауда тағы да қандай өзгерістер болуы мүмкін?
– Қазіргі уақытта бакалавриат үшін бюджеттік орындар санын көбейту туралы мәселе талқылану үстінде. Бұл мәселенің шешімі жөнінде талапкерлерге ақпараттар беріп отырамыз.
– Бакалавриат бағыттары бойынша оқуға түсу үшін қандай түсу емтихандарын тапсыру керек?
Даярлау бағыттары |
Түсу сынақтары |
01.03.01 Математика |
1. Математика (жазбаша) 2. Орыс тілі (жазбаша) |
01.03.02 Қолданбалы математика және информатика |
1. Математика (жазбаша) |
05.03.06 Экология және табиғатты пайдалану |
1. География (жазбаша) |
38.03.01 Экономика |
1. Математика (жазбаша) |
45.03.01 Филология |
1. Әдебиет (жазбаша) |
– Нақты ММУ Қазақстан филиалына түсуге бағытталған дайындық курстары бар ма?
– Курстар туралы Филиалымыздың мына сайтынан тауып алуға болады www.msu.kz.
– Филиалда оқу тегін бе?
– Филиалда білім алу тегін, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде.
– Егер мен ақылы білім алуға тіркелсем, кейін грантқа ауыса аламын ба?
– Бұл мүмкін. Барлық студенттер мен магистранттар бос орындар болған жағдайда білім беру тапсырысы (грант) бойынша білім алуға ауыса алады. Биылғы жылы біз бірінші, екінші, үшінші курстағы сессияны жақсы тапсырған барлық студенттерді бюджеттік оқуға ауыстырдық.
– Мәскеу қаласында ММУ-де білім алу кезінде жатақханада тұру ақысын кім төлейді?
– Мәскеуде жатақханада тұру ақысын Филиал білім беру тапсырысы есебінен төлейді. Оған қоса, бекітілген норматив шегінде жол жүру ақысы төленетін болады.