М.В.Ломоносова ММУ Қазақстан филиалының тарихы

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және Қазақстан Республикасын білім беру мен ғылым саласындағы тығыз байланыстары біріктіреді. Олар Қазақстан мен Ресей адамдары тағдырларының, халқы мен мәдениетінің көпғасырлық өріле біткен байланысын танытады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ресей Федерациясымен қарым-қатынас құрудың ерекше маңыздылығына назар аудара отырып, Мәскеу университетінің әлемнің жетекші университеттерінің қатарындағы орнын ерекше атай отырып, ММУ-дің 250 жылдығына арналған мерейтойындағы сөзінде былай деген еді: «2001 жылы Астана қаласында ММУ Қазақстан филиалының ашылуы мен үшін өте қуанышты жаңалық болды. Қазақстан мен Ресейдің ғылыми және білім беру саласындағы байланыстары тарихи жолдан танылып келеді, бүгінгі күні ол байланыс жаңа сипатқа ие болып отыр. Бұл байланыстың, әсіресе, біздің еліміз үшін маңызы зор. Өйткені біз ұлттық мүмкіндіктерімізді жан-жақты жоғарылатуға ұмтылып келеміз. Бұл дегеніміз – ММУ алдағы ұзақ жылдар бойына интеллектуалдық процесте де, білім беру процесінде де Қазақстанда ерекше рөл атқаратын болады».


Н. Ә. Назарбаев Филиалдың құрылуына бастамашы болды, оның жасаған ұсынысы Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин тарапынан қолдау тапты. Мәскеу университетінің ұжымы және жеке өз атынан ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий Қазақстан Президентінің осы бастамасын қызу қолдады.


Белгілі болғанындай, оқу орнының ашылуы үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жасалуын және түрлі министрлік пен ведомстволардың өзара келісілген шешімдер қабылдауын қажет ететіні белгілі. Филиалдың ашылуына дайындық процесі Мәскеу университеті мен Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің арасында ұйымдастыру мәселелерін жүйелі түрде талқылап отыруымен жүргізілді. Осынау істің нәтижесі ретінде 2000 жылғы 30 тамыздағы ММУ Ғылыми кеңесінің Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстан филиалын құру туралы шешімі қабылданды.


15-2s.jpg


2000 жылғы 9 қазанда Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарында ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Қ.Е.Көшербаев Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің базасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалын құру туралы Хаттамаға қол қойған болатын.


2000 жылғы 1 желтоқсанда М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, академик В.А. Садовничий ММУ-дің Қазақстан филиалын құру туралы Бұйрығын жариялады. Нақ осы кезде Ресей Федерациясының Білім беру министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасында Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің базасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалын құру туралы Келісілген шешімге қол қойылды.



Осы кезден бастап, Мәскеу университеті мен Еуразия университеті Филиалда жаңа оқу жылын бастауға дайындық жасау бойынша үлкен жұмыстар жүргізді. Мәскеу университеті Филиалдың қызмет етуін ұйымдастыру мәселелерін бірізділікпен шешіп отырды. Филиал туралы қағидалар бекітілді. Филиалдың басшылығы мен штаты қалыптастырыла бастады. 2001 жылғы 7 наурызда ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий ММУ Қазақстан филиалының директоры лауазымын Мәскеу университетінің проректоры, профессор Александр Владимирович Сидоровичке жүктеген Бұйрыққа қол қойды.



All_Prepod_редs.jpg


1ss.jpg

ММУ Қазақстан филиалы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында құрылғандықтан, оның қалыптасу процесінде, ұйымдастырушылық мәселелерінде шешім қабылдауда Еуразия университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбекович Жолдасбеков үлкен үлес қосқан еді. Атап айтқанда, оның тікелей қатысуымен, университет тарапынан оқу аудиториялары, қажетті материалдық база, басқа қаладан келген студенттерге жатақханадан орын берілді. Филиалдың одан әрі қарай дамуына университеттің ректорлары Сарсенғали Абдыманапов, Бақытжан Абдраим, Ерлан Сыдықов қажетті көмектерін көрсетіп отырды. Осындай маңызды ұжымдық жұмыстың нәтижесі ретінде 2001 жылғы 1 қыркүйекте ЕҰУ Инженерлік корпусында ММУ Қазақстан филиалының тұңғыш оқу жылы басталған болатын.



Қазақстандық тараппен келісім бойынша Мәскеу университеті Филиалдағы оқыту процесін төрт факультет негізінде құрды, олар: есептеу математикасы және кибернетика, механикалық-математикалық, экономикалық және филологиялық. Филиал көрсетілген мамандықтарға сәйкес мамандар дайындауды жүзеге асырды. Мамандар дайындауды жоғары сапамен қамтамасыз ету үшін, осы жылдары студенттер білім алудың бір бөлігін Мәскеуде, ММУ-дегі сәйкес факультеттерде оқып, диплом қорғайды деген түпкілікті шешім қабылданды. Бұл ретте, «Математика» бағытындағы студенттер Мәскеуде 3, 4, 5, курстарда оқыды, ал «Қолданбалы математика және информатика» бағытындағы студенттер 3 және 5 курстарда оқыды. Филолог-студенттер Мәскеуде 3 және 5 курстарда оқыды, ал экономист-студенттер 4 курста оқыды. Мұндай тәртіп туралы шешім түбегейлі сипатқа ие болды, өйткені осының арқасында, көп жағдайда, Астанада білікті оқытушылар жетпей жатқан жағдайда, оқытудың жоғары сапалы деңгейге көтеруі мүмкін болған еді. Осы кезеңде Фииалдың дамуында өзінің игілікті ізін қалдырған механика-математикалық факультеттің деканы академик О. Б. Лупановты, деканның орынбасарлары профессор О. Н. Чубариковты, С. Б.  Березинді, есептеу математикасы және кибернетика факультетінің деканы, РҒА академигі Е. И. Моисеевті, филология факультетінің деканы М. Л. Ремневаны, экономика факультетінің деканы В. П. Колесовты, экономика факультеті деканының орынбасары М. В. Палтты, Филиал директорының бірінші орынбасары, профессор С. В. Богомоловты, сонымен бірге, Фииалдың жұмысына жауапты тұлғалар – экономика факультетінің доценті В. А. Зубенко, Н. В. Соснинді ерекше атап өту керек. Филиалдың өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып келе жатқан, Филиалдың алғашқы күнінен бастап жұмыс жасап жүрген оқытушылары мен қызметкерлері - Л. Т. Абетеева, М. Отелбаев, Л. К. Левчук, Г. Жепенова, Е. Д. Нурсултанов, В. В. Нетесов, Е. И. Клюкина, Н. Л. Сулятецкая, Д. С. Ташкеев, С. М. Треблер.


1s.jpgҚазақстан филиалының өміріндегі маңызды кезең Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы Филиалға келуі болды. Кездесу барысында Президент Филиалға, оқытушыларға, қызметкерлерге, студенттерге сәттілік тілеп, Филиалдың дамуына жақсы тілектерін айтқан болатын.


2004 жылғы 10 маусымда Филиалда ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий Филиалдың оқытушыларымен және қызметкерлерімен кездесу өткізді. Осы жылғы тағы бір есте қаларлық жаңалық Филиалға Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының төрағасы Б. В. Грызловтың келуі болды.



IMG_1055s.jpg


Филиалдың білім беру қызметі Ресей Федерациясының Білім министрілігімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің берген лицензияларымен реттеліп жүргізіледі. Филиалдың қызметінің құқықтық шарттарын қамтамасыз ету мақсатымен Мәскеу университетінің басшылығы Филиалдың қызметі туралы Үкіметаралық келісімге қол қою туралы бастама жасаған еді. Осымен байланысты, Ресей Федерациясы Президентінің М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің 250-жылдығын тойлау туралы Жарлығын орындау мақсатымен, мерейтойды өткізу іс-шараларының бағдарламасына ММУ Қазақстан филиалының жұмысы туралы екітарапты Келісімді дайындау туралы тармақ енгізілген болатын. Осынау маңызды шешім Мәскеу университеті мен ҚР Білім және ғылым министрлігі арасындағы Келісімнің жобасын әзірлеуге негіз қалады. 2001-2005 жылдар бойы Келісімнің негізгі қағидаларын анықтау мен келісуге байланысты көп жұмыс атқарылды. Дегенмен, қорытынды кезеңде, 2005 жылы, Келісімді дайындауды неғұрлым кейінгі кезеңге қалдыра тұру жөнінде шешілді. Содан бұл жұмыс тек 2014 жылы қайтадан қолға алынды.


2001-2006 жылдары бірқатар бастамалар жүзеге асырылды, олар кейін Филиалдың дамуында үлкен рөл атқарды. «Ломоносов» атты жас ғалымдар мен студенттердің, магистранттар мен аспиранттардың Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялары өткізіле бастады (2005 жыл). Аталған конференция Қазақстан жастарының танымал кең ауқымдағы кездесу орнына айналды. Осы жылдан бастап 15 конференция өткізілді, ондаған жас талантты жастардың ғылымға талабын ұштап, есігін ашуға негіз қалады. 2004 жылы Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған тұңғыш рет конференция және алғашқы Русистиканың күзгі мектебі ұйымдастырылып өткізілді, кейін бұл іс-шаралар дәстүрлі конференцияларға айналды. Филиалдың басшылығы мен кітапхана ғылыми кітапхана құрап, оны қажетті кітаптармен қамтамасыз етуге қысқа мерзім ішінде қол жеткізді. Осы жылдары Филиал оқытушыларының алғашқы диссертация қорғаулары болып өтті. 2004 жылғы 19 декабрьде Т.В. Кривощапова ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының диссертациялық кеңесінде докторлық диссертациясын қорғады. Ал 2005 жыл конкурстағы біздің алғашқы жеңістерімізбен айрықша есте қалады. Студенттер А.Васильев пен А.Мусин Жеңістің 60 жылдығына арналған Республикалық математика олимпиадасында бірінші орынға ие болды. Сол жылдың желтоқсан айында профессор Е.Д.Нұрсұлтанов жаратылыстану саласындағы үздік зерттеулері үшін Қ.И.Сәтпаев атындағы Премияның лауреаты атанды.


2005 жылы Филиалдың бакалавриаттағы тұңғыш түлектер шығару салатанаты болды – «Экономика» бағыты бойынша бітірген 36 түлек диплом алды. Осы жылы магистратураға қабылдау жүзеге асырылды. Осы кезеңнің аяғына қарай Филиалдың толыққанды құрылымы қалыптасты, атап айтқанда, магистратура ғана емес, ММУ география факультетінің базасында «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша оқыту іске асырылды. Осылайша, 2006 жылы Филиалдың қызметінің негізгі құрылымы мен негізгі бағыттыары қалыпатастырылды. Бұл жағдай Филиалдың дамуының келесі кезеңінде білім беру және ғылым саласындағы жұмысында елеулі табыстарға жетуіне және Қазақстандағы Мәскеу университетінің дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік туғызды.



2006 – 2017 жылдар аралығында Филиал ерекше білім беру жүйесіне ие, Қазақстан Республикасына мамандар дайындауға қызмет ететін оқытушылары мен зерттеушілердің жоғары кәсіби ұжымы бар, Мәскеу университетінің Қазақстан жеріндегі дәстүрлерін жалғастыратын оқу орнына айналды. Филиалдың жетістіктерінің маңызды факторлары - Мәскеу университеті факультеттерімен үзілмейтін байланыста болуы, Қазақстан мен Ресейдің достығы идеясының және еуразиялық принциптердің жүзеге асырылуы. Осы кезеңде Филиалда шаралар жүйесімен және ұжымның іс-әрекет етуімен қамтамасыз етілген бірқатар қызмет бағыттары орнықтырылды.


Білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу келесі бағыттар арқылы қамтамасыз етілді. Біріншіден, Филиалдың жұмысын ұйымдастыруда құрылымдық өзгерістер болып өтті. Ол өзгерістер Филиал кафедралары жүйесінің оқу-ғылыми орталық ретінде қалыптасуынан көрініс тапты. Кафедралар тек оқыту мен ғылыми жұмыстар ұйымдастырып қана қоймай, ММУ факультеттерімен оқу және ғылыми жұмыс бойынша өзара тығыз байланыс жасау деңгейіне өтті. Осылайша, Филиал мен ММУ факультеттерінің арасындағы интеграцияны қамтамасыз ете отырып, Филиалдағы білім беру сапасын Мәскеу білім сапасымен сәйкестендіру бағытында жұмыстар жүргізілді. 2007 жылы Филиалда: математика және информатика кафедрасы, тілдік дайындық кафедрасы, әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасы ашылды. 2012 жылы экономика кафедрасы өзіндік ереше орынға ие болды. Тілдік дайындық кафедрасы ендігі ретте құрамында орыс филологиясы секциясы, қазақ тілі және ағылшын тілдері секциясы бар филология кафедрасы болып өзгертілді. Осы жылы экология және табиғатты пайдалану кафедрасы құрылды. Оқу процесін практикамен байланыстыруды қамтамасыз ету үшін Филиал тарапынан ынтымақтастық жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, ҚР Қаржы министрлігімен, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен, ҚР Статистика комитетімен келісімдер мен меморандумдар жасалынды. Сол арқылы практика өту жүйесі және практик-мамандардың жекелеген дәріс оқуы мен арнайы курстар оқуы жолға қойылды.


Екіншіден, оқыту сапасын жоғарылату міндеттерін шешуге, тек күнделікті жұмыс процесінде ғана емес, сонымен бірге Филиал студенттерін ММУ-де кіріктіре оқытуға жіберу тәртібін жетілдіру жолымен де қол жеткізілді. Екідеңгейлі дайындық (бакалавр-магистр) жүйесіне өтумен байланысты, студенттердің Мәскеуде оқу мерзімдері өзгертілді. «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттарының студенттері Мәскеуде 3 және 4 курстарда оқуға көшірілді, басқа бағыт студенттері тек қана соңғы курста баратын болды.


Осымен бір мезгілде Филиалда магистратураның дамуы қатар жүргізілді. 2011 жылы «Филология» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттары бойынша магистратура ашылды.


Үшіншіден, оқу процесінің сапасы жоғарылауында айтарлықтай орын студенттерді әлеуметтік-гуманитарлық тәрбиелеудің өзгеруіне беріледі. Осымен байланысты, 2016 жылы Филиалдың Ғылыми кеңесі біртұтас Әлеуметтік-гуманитарлық тәрбиелеу Бағдарламасы әзірлеп, ол бекітілді. Оның мазмұны мен мақсаты әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытумен бірге, студенттерге Қазақстан Республикасының даму барысы және тарихы туралы кең арнада таныстыру, соның негізінде, өз елінің өмір тынысы туралы мол мағлұмат беру болып табылады. Бағдарламаның қабылдануы кең қоғамдық резонанс тудырып, тәрбие жұмысына шығармашалық тұрғыдан келу тәжірибесі болып табылды. Аталған Бағдарлама аясында Қазақстанның заманауи даму барысының өзекті мәселелері туралы арнайы курстар оқу, еліміздің жетекші музейлерімен өзара байланыста болу, ол жерлерде оқу сабақтарын, семинарларды өткізу, сабақта ғылыми қор мен архив материалдарын пайдалану мүмкіндігі туындады.


IMG_3340[1]s.jpg


Төртіншіден, мамандар дайындауда Қазақстан Республикасының қажеттілігі мен сұранысына лайықты болу бағдары ұсталынды. Бұл, көп ретте, оқытудың барлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қазақстандық компонентті қолдану арқылы мүмкін болды:

·   қазақ тілі мен Қазақстан тарихын міндетті оқып-үйрену, білім беру бағдарламаларының барлығын қамтып, сағат санын Қазақстан университеттерінен кем қылмау;

 

·   практикалардың барлық түрін Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарында, ұйымдарында өткізу;

 

· курстық жұмыстар мен бітіру біліктілік жұмыстарының, магистрлік диссертациялардың тақырыптарын әзірлеуде Қазақстанның даму мәселелерін зерттеу бағдарын ұстану;

 

· 1 және 2 курстарда Қазақстанды заманауи кезеңдегі модернизациялау мәселелері бойынша әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклын оқыту (Қазақстанның әлеуметтік-гуманитарлық даму бағдарламасына сәйкестендіре отырып).

 


Филиал осы жылдары өзі туралы оқу-ғылыми және ағартушы орталық ретінде таныта білді. Осы кезеңде Филиалдың дамуында үлкен рөл атқарған – ММУ Қазақстан филиалының қатысуымен және ұйымдастыруымен өткізілген форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар болды. Солардың ішінде келесілерді атап өту керек:



IMG_9386s.jpg


· Қазақстан Республикасының құрылғанына 20 жыл толуына орай және Қазақстан филиалының 10 жылдығына орай, 2011 жылғы 25-26 қарашада ұйымдастырылып өткізілген «Жаңа әлемдегі Қазақстан және ерузаиялық идея» атты Халықаралық ғылыми форум, оның өтуіне қолдау жасағандар Президент Әкімшілігі, ҚР БҒМ, М.В.Ломоносов атындағы ММУ болды. Форумның атына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Д. А. Медведев құттықтау сөздерін жіберді. Форумға ММУ ректоры академик В. А. Садовничий қатысып, Форум барысында Филиалдың студенттері мен оқытушылар ұжымымен кездесу өткізді. Ол Филиалдың кітапханасына «Классикалық университет оқулығы» атты кітаптар сериясын сыйға тартты;


· Мәскеудің Астанадағы күндері аясында 2017 жылғы 25-26 тамызда өткізілген «Мәскеу - Астана» атты Халықаралық гуманитарлық-мәдени форум қоғамның назарын өзіне аударып, Қазақстан филиалының Мәскеу қаласының көптеген ұйымдарымен байланыс орнатуына негіз салды.


· 2017 жылғы 25-26 мамырда «Функция теориясы, функционалдық талдау және олардың қосымшалары» атты Халықаралық ғылыми симпозиум болып өтті, оған М.В.Ломоносов атындағы ММУ, РУДН (Мәскеу қ.), Синьцзян университеті, Математика және математикалық модельдеу институты (Алматы қ.), Қолданбалы математика институты (Қарағанды қ.), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е. А. Букетов атындағы ҚарМУ, Филиалдың Қолданбалы математика және информатика кафедрасының оқытушылары қатысты;


· Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған «Түркі-славян байланыстарындағы тіл мен әдебиет: заманауи көзқарас тұрғысынан» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті (РЦНК-мен біріге, Астана қ., 2017 ж.);


· Экономика ғылымы мен практикасын оқыту, қоғамдық сананы модернизациялау және экология мәселелері бойынша Халықаралық дөңгелек үстелдер мен семинарлар (2017 ж.). Олардың ішінде келесілерді атауға болады:


«Жоғары мектепте заманауи экономикалық білім беру және жаңа экономканың сын-қатерлері» атты дөңгелек үстел өткізілді, бұл іс-шараны 2017 жылғы 22 қыркүйекте М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы Қазақстан Республикасының Экономикалық ғылымдар академиясымен бірлесіп өткізген болатын. Оған Қазақстан филиалының директоры, Қазақстан мен Ресейдің жетекші экономистері, ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары, магистранттары, студенттері қатысты;


«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қоғамдық сананы модернизациялаудағы рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді, бұл іс-шара 2017 жылғы 24 қарашада өткізілген болатын. Оған М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің жетекші академиктері, профессорлары мен оқытушылары және қазақстандық жоғары оқу орындарының, ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары, магистранттары қатысты;


«Қазақстан Республикасы қалаларының экологиялық мәселелері» атты ғылыми семинар 2017 жылғы 15 сәуірде өткізлді, оған мемлекеттік басқару, экологиялық сертификация және аудит саласы мамандары, ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары мен студенттері қатысты;


- «Қазақстан қалаларының тұрақты дамуы: студенттік стартап» атты ғылыми семинар 2017 жылғы 20 қарашада өткізілді, оған оған мемлекеттік басқару, экологиялық сертификация және аудит саласы мамандары, ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары мен студенттері қатысты;


ММУ Қазақстан филиалының үздік дәстүрі ретінде қалыптасқан студенттер мен жас ғалымдардың «Ломоносов» Халықаралық конференциясы ерекше орынға ие. 2005 жылдан бастап Филиалда 15 конференция ұйымдастырылып өткізілді, ол іс-шара, шынымен де Қазақстан мен шетелдік талантты жастардың мінберіне айналды. Бұл конференцияларға 5000-нан аса жастар қатысып, 2500 жұмыс жарияланды. Конференцияның қорытындысы бойынша «Ломоносов» конференциясының материалдары жинағы басылып шығарылады. Студенттік ғылыми жұмыстың көптеген лауреаттары өздерінің ғылыми жолдарын жалғастырып, бірқатары диссертацияларын қорғап шықты.


ломоносов.png


Филиалдың жұмысын ұйымдастыруға бағдарламалық тұрғыдан келу жолы қолданылды. Филиалдың жұмысының негізгі бағыттары бойынша бағдарламалар жасалынды. Олардың арасында Филиалдың дамуында ерекше орын алғандарына назар аударып, олардың Қазақстандағы білім беру процесіне тигізген ықпалдарын атап өту керек.


IMG_1216 (187)s.jpg


Біріншіден, бұл – «Жас оқытушы» бағдарламасы. Филиалда жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатымен, ММУ ректоры В.А. Садовничийдің тікелей қатысуымен, жас оқытушыларды - Филиалдың түлектерін Мәскеу университетінің сырттайғы аспирантурасына түсіріп, оларға ММУ диссертациялық кеңестерінде кандидаттық диссертацияларын қорғау мүмкіндігі берілген кешенді бағдарлама нәтижелі жұмыс жасап келеді. Аталған «Жас оқытушы» бағдарламасы бойынша, 18 оқытушы ғылыми жұмыс жүргізуде, олардың алтауы қазіргі кезде кандидаттық диссертацияларын қорғап шықты.


Екіншіден, «ММУ ғалымдары – Қазақстан мектептеріне» бағдарламасы жұмыс жасайды. Оның бірнеше бағыты белгіленген:


· Қазақстан мектептерінде гуманитарлық және математикалық пәндерді оқытатын мұғалімдерімен жұмыс жүргізу. Осы бағдарламаның ішінде «Русистиканың күзгі мектебі» өткізілуін атап өткен жөн. Бұл Мектептің міндеті – русист-филологтердің кәсіби біліктілігін жоғарылату. Мектепті ұйымдастырушылар Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ассоциациясымен (МАПРЯЛ, Санкт-Петербург) тығыз байланыста, сонымен бірге РУДН – Ресей халықтар достығы университетімен, Жоғары экономикалық мектеп (Мәскеу) және Қазақстан мен Ресейдің басқа да жетекші оқу орындарымен байланыс жасайды. Осы күнге дейін 18 рет Русистика мектебі өткізілді, оның аясында Филиал оқытушылары мен ММУ филология факультеті тілші-мұғалімдерімен тәжірибе алмасып, шеберлік сыныптарын өткізіп, филология ғылымының өзекті мәселелері туралы дәрістер оқыды. Аталған мектеп ашылғалы 1500 тыңдаушы дәріс алды;


· жыл сайын кәсіби бағдар мақсатындағы орыс тілі мен әдебиетінен «И мы сохраним тебя, русская речь, великое русское слово…» олимпиадасы өткізіледі, оған астаналық мектептердің жоғары сынып оқушылары қатыстырылады;


· қалалық және облыстық мектептерге барып оқу-әдістемелік көмектер көрсету;


· қалалық және облыстық білім департаменттерінің қолдауымен жоғары сынып оқушыларымен жүйелі кездесулер өткізу;



· Қазақстан Республикасының өңір орталықтарында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Көкшетауда, Павлодарда, Петропавловскіде, Өскеменде, Шымкентте және басқа қалаларда базалық мектептер анықталып, олармен келісімдерге отырып, талапкерлермен байланыс жасауды кеңейту міндеттері шешіліп келеді.

Осы кезеңдегі маңызды қол жеткен нәтижелердің бірі Филиал студенттерінің олимпиадалар мен конкурстарға белсенділікпен қатысуы деп атауға болады. Қазақстан филиалының студенттері 2017-2018 жылдарда үздіксіз Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, әсіресе, «Математика» (4 абсолютті жеңімпаз және 6 жүлдегер); «Математикалық және компьютерлік модельдеу» (2 абсолютті жеңімпаз және 9 жүлдегер); «Филология» (5 абсолюті жеңімпаз және 6 жүлдегер, 6 командалық бірінші орын) бағыттарынан жетістіктерге қол жеткізді.


Математика бойынша Халықаралық студенттік олимпиада IMC (International Mathematical Competition for University Students) 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл олимпиадаға ТМД және Еуропаның көптеген жетекші ЖОО-лары қатысады. 2014 - 2018 жылдары Қазақстан филиалының студенттері 1 алтын, 2 күміс, 4 қола медальге ие болды. Бұл – соңғы 4 жыл ішіндегі Қазақстанның барлық ЖОО-лары ішіндегі ең үздік көрсеткіш. ММУ Қазақстан филиалы – Қазақстандағы осы олимпиадада 100% нәтиже көрсеткен жалғыз ЖОО (барлық қатысушылары медаль алып келді).


IMG_2978s.jpg


Бағдарлама жасау бойынша әлемдік чемпионат ACM ICPC (Association for Computing Machinery - International Collegiate Programming Contest) – дүние жүзіндегі ең ірі және беделді спорттық бағдарламалау бойынша жарыс. ММУ Қазақстан филиалының командалары Қазақстандық чемпионатқа табысты қатысып келеді, онда Солтүстік Еуразия чемпионатына қатысу үшін квалификация беріледі (бұрынғы Солтүстік-шығыс еуропалық аймақ). 2014-2018 жылдары 14 команда келесі кезеңге квалификацияны табысты өтті. ММУ Қазақстан филиалының командасы 2015 жылы Бағдарламалау бойынша Сібір чемпионатының жүлдегері атағын және 2017 жылы Мәскеу қаласының іріктеу кезеңінің жүлдегері атағын алды. Ал 2016 жылы Солтүстік Еуразияның чемпионатының жүлдегері атанды, ол чемпионат ACM ICPC жарысының ең күшті жарыстыраның бірі болып табылады.


Филиалдың ұжымының ғылыми-әдістемелік қызметі еңбектер сериясы ретінде басылып шығарылып жарық көріп отырды, ол еңбектерде және оқу-әдістемелік құралдарда студенттер мен оқытушылардың қызметтерінің нәтижелері көрініс тауып отырды. 2016-2017 жылдары 20-дан астам оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.


ММУ Қазақстан филиалының сөз етіліп отырған кезеңіндегі дамуының нәтижесінде, Мәскеу университеті Қазақстанда өзінің беделін бекітторнықтырды. Филиал талапкерлер арасында беделді оқу орнына айналды, талапкерлердің жоғары конкурсы (орташа алғанда, 1 орынға 7 адамнан) жыл сайын көтеріліп келеді, оқу және ғылыми-әдістемелік қызметте мойындалған, танылған нәтижелер де жеткілікті. Филиалдың қызметі Ресей және Қазақстан басшыларының жоғары бағасын лайықты алып отыр. Филиалдың бірқатар профессорлары мен оқытушылары жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Олардың ішінде Филиал директоры А.В. Сидорович, академик М. Өтелбаев, профессор Т. В. Кривощапова, профессор Г. И. Власова. Қазақстан және Ресейдің мемлекеттік наградаларына, министрліктердің наградаларына ие болған оқытушылар - К. А. Бекмаганбетов, Е. Д. Нурсултанов, А. О. Саулебеков, Т. Г. Котлярова, Г. П. Байгарина, С. М. Треблер. Филиалдың оқытушылары гранттық зерттеулерді табысты жүргізіп келеді, көпшілігі Қазақстан ЖОО үздік оқытушылары атағына ие болды.


ММУ Қазақстан филиалының дамудың жаңа кезеңіне өту барысы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының қызметі туралы Келісімнің өз күшіне енуімен анықталады. Бұл Келісімді әзірлеу және қабылдаудың қажеттілігі Филиалдың даму барысы Қазақстандағы білім беру мен ғылым орталығына айналуына алып келуімен анықталады, сонымен бірге, Филиалдың бұдан әрі дамуы үшін, жоғары білікті мамандарды дайындау сапасын жоғарылату үшін, Филиалдың нормативтік базасын Қазақстан Республикасындағы заңнама мен тәжірибенің алға қойып отырған жаңа талаптарымен сәйкестендіру аса маңызды болды.


2005 жылы тоқтатылған Келісіммен жұмыс жасау барысы 2014 жылы қайта қолға алынды. В.А. Садовничий 2014 жылғы қараша айында ҚР Білім және ғылым Министрі А.Б. Саринжиповке Филиалдың қызметі туралы Үкіметаралық келісім бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде ұсыныс жолдады. Келісім жобасы бойынша екі жыл бойы жүргізілген үздіксіз жұмысқа министрліктер мен ведомстволар, ММУ мен Филиал басшылары қатысып отырды. Сонымен қатар, Қазақстанның модернизацияның жаңа кезеңіне өтуі, Мәскеу университетінің дамуы – Филиалдың алдына көптеген замануи міндеттерді қойып отыр. 2017 жылғы 9 қарашада Ресейдің Челябі қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президент В.В. Путиннің қатысуымен өткен Форумда Ресей мен Қазақстанның Білім Министрлері Келісімге қол қойды. Қазақстан Республикасы Парламентінің қарастыруынан соң, 2019 жылғы 7 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының қызметі туралы Келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды.


Филиалдың 2018-2019 жылдардағы қызметі Үкіметаралық келісімді дайындау мен жүзеге асыру бойынша іс-шаралармен тығыз байланысты болды. 2019 жылы Келісім күшіне енгеннен бастап, Филиал ұжымының алдына қызметінің барлық қырларын жаңаша бағытта дамыту, заманауи білім беру барысын жаңа сапалы деңгейге көтеру, түлектерді Қазақстан Республикасының қажеттілігіне лайықты қызмет етуге дайындау деген жаңа міндеттер қойылды.