– Қазақстан филиалы – әлемдегі үздік университетердің бірі болып табылатын ММУ бөлімшесі;
– бакалавриаттың 5 бағыты және магистратураның 5 бағдарламасы. Қазақстан филиалының төменгі курстарында сабақты жүйелі түрде Астана қаласына келетін ММУ факультеттерінің оқытушылары жүргізеді. Мұның өзі – білім алу үдерісін Мәскеуде аяқтау үшін жасалатын дайындық. Алдымен, студенттер базалық пәндер бойынша іргелі білім алады. Жоғары курстарда олар өздері таңдаған бағыты бойынша ғылыми шығармашылық үдерісіне еніп, зерттеушілік және тәжірибелік жұмыс жасау дағдыларын игереді. Оның өзі ММУ– дегі 300-ден астам кафедрасын ескере отырып, студенттердің қызығушылығын кең диапазонда құруға мүмкіндік береді. Оған тек екі үлгі келтірсек те болады: ММУ-де өзінің жеке меншік ғарыш серіктерінің флотилиясы бар және жоғарыөнімді компьютерлердің есептеуіш кешені (жылдам әрекет етуі мүмкіндігі бойынша әлемдік 50 топқа енеді);
– білім алудың кезекті сатысынан кейінгі білімін ММУ-дегі 40-тан астам факультеттегі магистратурада, аспирантурада және докторантурада жалғастыру мүмкіндігі бар екендігі;
– жыл сайын 125 бірінші курстық пен 40 магистрант Қазақстан Республикасының мемлекеттік тапсырысы аясында бөлінген бюджеттік қаржысының есебінен Филиалға оқуға түседі, студенттер тегін білім алып, Мәскеуде Воробьёвы горы мекеніндегі ММУ жатақханасында тұруға, Астана–Мәскеу–Астана бағытында тегін ұшып, стипендиямен қамтамасыз етіледі;
– Астанада білім алу: сабақты жүйелі түрде Нұр-Сұлтан қаласына Филиалға келетін ММУ факультеттерінің оқытушылары жүргізеді; қызықты студенттік өмір (Бірінші курстықтар күні, «Алтын күз» кроссы, тілдер апталықтары, тоғыз құмалак, Наурыз, Масленица, «Тенгри» әдеби клубы); барлық басқа қалалардан келген студенттерге ММУ Қазақстан филиалының жайлы жабдықталған жатақханасынан орындар ұсынылады;
– Мәскеуде білім алу: Мәскеудегі Воробьёвы горыдағы ММУ кампусында, Мәскеудің Оңтүстік-Шығысындағы экологиялық таза, сәулетті аудандарының бірінде, оқу корпустары мен жатақхана және басқа да қажетті нысандар таяқ тастам жерде орналасқан. Университет кешені мәскеулік метрополитеннің «Университет» и «Ломоносовский проспект» станцияларынан жаяу баруға болатын жерде орналасқан. Мәскеу – Ресейдің мәдени астанасы және орасан зор мүмкіндіктері бар аса ірі мегаполис;
– М.В. Ломоносов атыңдағы ММУ дипломы барлық факультеттер мен Филиалдар үшін бірдей үлгіде болады.