2000 жылдан М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры.
Экономика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990). ММУ еңбек сіңірген профессоры (2007). М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін (1970), аспирантурасын (1973) бітірген. ММУ Біліктілік көтеру және қайта даярлау институты экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі (1988), ММУ қосымша білім беру факультетінде «Ұлттық экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білім беру бағдарламасының жетекшісі (2000), РФ Білім және ғылым министрлігінің экономика жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы (2002), Университеттердің еуразиялық ассоциациясы атқару комитетінің төрағасы (2007), М.В. Ломоносов атындағы ММУ проректоры (1996-2006), докторлық диссертация қорғайтын арнаулы кеңес төрағасы (2002), Жоғары мектеп халықаралық академиясының академигі (1998). ММУ-да - 1972 жылдан, ММУ Біліктілік көтеру және қайта даярлау институтында 1988 жылдан қызмет істейді.
Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: экономикалық теорияның әдістанулық проблемалары, экономикалық жүйелерді талдау, ұлттық экономиканың теориясы мен практикасы, қоғамдық ұдайы өндіру теориясы, ТМД елдері арасындағы экономикалық қатынастар, өтпелі кезең экономикасы.
Оқытатын негізгі және арнаулы курстары: «Экономика теориясы», «Ұлттық экономика», «Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу», «Экономика теориясының және оны оқыту практикасының өзекті проблемалары». 5 ғылым докторын, 21 ғылым кандидатын дайындады.
Жалпы көлемі 220 б.т. болатын 200-ден астам еңбек жариялады. Соның ішінде «Экономикалық теория курсы» оқулықтары мен оқу құралдарын авторлар ұжымының ғылыми жетекшісі, редакторы және телавторы (1997, 2001, 2007, РФ БҒМ грифімен 2001 жылы.), «Основы национальной экономики» (2009, «Национальная экономика» (2009, Қазақстан), «Политическая экономия» (1993); «М.В.Ломоносов ат.ММУ оқулықтары» айдарымен шығатын оқулықтар мен оқу құралдары сериясының редакторы; ұдайы өндіру проблемалары жөніндегі екі монографияның авторы және «Национальная экономика. Вопросы методологии, теории и практики» (2008) сияқты ұжымдық монографияға авторлас болды. «Мировой экономический кризис и новый экономический курс» (2009), «К вопросу о взаимосвязи экономической теории и стратегии государства» (2008), «Евразийскому пространству – новое образование» (2009, Қазақстан) және басқа бірқатар мақалалардың авторы.
Марапаттары: ІІ дәрежелі «Достық» - Дружба» ордені, ІІ дәрежелі «Отан алдында сіңірген еңбегі үшін» медалі (2005), Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевиың Алғыс хаты төс белгісімен (2007), «В память 850-летия Москвы» медалі, «Астанаға 10 жыл» медалі, РФ БҒМ К.Д. Ушинский медалі (1999), Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002), Өзбекстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004), ТМД елдерінің білім саласындағы достастық жөніндегі Кеңесінің құрмет грамотасы (2005).