АБДИЛЬДИНА РАУШАН ЖАБАЙХАНОВНА – заместитель директора по научной работе и воспитательной деятельности


Философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының академигі


1963 жылғы 10 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. 1980 жылы Алматы қаласындағы №56 орта мектепті алтын медальмен бітірді.


1985 жылы С.М. Киров.атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетін үздік бітірді.


1985–1989 жылдары Мәскеуде КСРО ҒА Философия институтының аспирантурасында оқыды. 1989 жылы академик В.А. Лекторскийдің жетекшілігімен «Белсенділік адам туралы маркстік концепцияны түсіндірме принципі ретінде» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.


Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ КСР ҒА Философия және құқық институтында бастап, онда ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, «Әлеуметтік философия» бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.


2002-2004 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де философия және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі болды. 2004 жылы ҚР ҰҒА Философия және саясаттану институтында «Мәдени-тарихи контекстегі адамның эволюциясы, оның бостандығы мен жеке тұлғасы» тақырыбында


2012 жылдан бастап М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін ММУ Қазақстан филиалының қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, 2020 жылдан бастап Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалы директорының ғылыми және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.


2013 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. 2019 жылдан бастап Халықаралық ғылым академиялары қауымдастығындағы (IAAS) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілі болып табылады.


Ғылыми қызығушылықтары: логика және таным теориясы ретінде диалектиканың мәселелері мен әдістерін зерттеу, мәдени-тарихи процесті адам даралығының эволюциясы, еркіндігі мен субъективтілігі тұрғысынан талдау, қазақ және әлемдік философиялық ой тарихы.


2008-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыратын конкурстарында жеңіске жеткен төрт ғылыми жобаның жетекші ғылыми қызметкері болды.


16 монографияның, 150-ден астам ғылыми мақалалардың, соның ішінде рейтингтік халықаралық журналдарда жарияланған еңбектердің авторы, көптеген Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысқан; ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған «Әл-Фараби», «Адам әлемі» философиялық журналдары редакциялық алқасының мүшесі және сарапшысы; «Философия және өмір» «Philosophy and Life» халықаралық журналы редакциялық алқасының мүшесі (Өзбекстан Республикасы).