|
15.7.2022 |
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Александр Сидоровичпен кездесіп, ғылыми қызметті дамыту мәселелерін талқылады.
Оқу орнының филиалы былтырғы жылы өзінің 20 жылдығын атап өткен болатын. Осы уақыт аралығында жоғары оқу орны 2300-ден астам мамандарды даярлап шығарды, олардың көпшілігі қазір әлемнің әр түкпірінде қызмет етуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының қызметі қайтадан қаралып, оған мемлекеттік мәртебеге қайтарылғаны жөнінде Саясат Нұрбек кездесу барысында атап өтті.
Осыған байланысты Мәскеу университетінің ғылыми әлеуетін толық пайдалану қажеттігі туралы да айтылды.
"Қазақстан ғылымы жаңа белестерге көтерілуі үшін, біз қазір бар күшімізді салудамыз. Осы орайда Мәскеу университетінің идеялары мен ұсыныстары бізге қазір ауадай қажет. Сіздердің ой-пікірлеріңіз біз үшін өте құнды, өйткені сіздер Қазақстанда еңбек етіп жүрсіздер, әрі біздің жердің ерекшелігі сіздерге әбден түсінікті", – деді Саясат Нұрбек ММУ филиалының директорымен әңгіме барысында.
Александр Сидорович атап өткендей, шығармашылық дарынды терең зерттеумен үйлестіре білу – дәл Қазақстанда жүзеге асырылуы тиіс жұмыс тәсілі болып табылады.
"Оқу процесі мен ғылыми зерттеулер органикалық түрде біртұтас болып біріктірілуі керек. Біздің филиалда студенттер мен магистранттардың барлық жұмыстары әдетте Қазақстанның дереккөздері мен материалдары негізінде жазылады, әрі олар Қазақстанның қажеттіліктерін шешуге бағытталған. Біз Қазақстанға қызмет етеміз! Ал тәжірибелік нәтижелердің маңызы өте зор", – деді Қазақстандағы филиал директоры.