М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат
27.12.2022

«ММУ түлектері Одағының» арнау сөзі


>>> Арнау сөзді жеке терезеде ашу




Арнау сөзге байланысты сұрақтар бойынша «ММУ түлектерінің Одағы» төрағасымен байланыса аласыздар.

Бисембина Динара Аскаровна, e-mail: unionmsu2022@gmail.com


«Мәскеу мемлекеттік университеті түлектерінің Одағы» ҚБ реквизиттері:
АО «Народный банк Казахстана», КБе: 18, БИК: HSBKKZKX
ИИК: KZ16601A871007665861 KZT; KZ37601A871007665871 USD;
KZ58601A871007665881 RUB.
Карта нөмірі: 4277 0455 0057 9365






Қадірлі достар, құрметті Мәскеу университетінің түлектері!

 

ММУ Қазақстан филиалының, тұтас Мәскеу университетінің өмірінде ерекше оқиға орын алды – 2022 жылғы маусым айында Филиалға дербес ғимарат бөлініп берілді, ол ғимарат Астана қаласы, Кенесары, 36 мекенжайында орналасқан. Осынау жаңа ғимараттың Филиалымыз бен Мәскеу университетінің студенттері мен барлық түлектері үшін туған үйіндей орынға айналатынына, ММУ-дің Қазақстанның дамуындағы рөлін биік бағалайтын барлық жандар үшін іргелі білім мен ғылым ордасына айналатынына сенімдіміз.




Қазіргі күні Филиалдың осынау тамаша, көркем де ерекше бейнелі ғимараты оны оқу процесіне және ғылыми қызмет орнына айналдырып, тиімді пайдалану үшін қайта бейімдеу қажеттіліктері туындап отыр. Осы бір жұмысты неғұрлым тез шешсек, соғұрлым Мәскеу университеті мен Филиалымыздың мүмкіндіктерін тез жүзеге асыруға кірісер едік.


«ММУ түлектері Одағы» Қоғамдық бірлестігі жөндеу жұмыстарын қарқындату үшін жобалық-сметалық құжаттарды (ПСД) дербес әзірлеуге бастама көтеріп отыр. Осы мақсатта қоғамға және Мәскеу университетінің түлектерінен Жобалық-сметалық құжаттарды (ПСД) әзірлеуге қаржылай көмек көрсетулерін сұрайды.


«ММУ түлектері Одағының» бастамасына қолдау білдірулеріңізді және Қазақстан елордасындағы Филиалдың дамуына өз үлестеріңізді қосуларыңызды өтінемін. Жаңа оқу ғимараты ММУ студенттері мен түлектері үшін туған Үйіндей болатынына, алдыңғы қатарлы қазақстандық жастар үшін ғылыми-білім беру орталығына айналатынына, Сіздермен бірігіп жүзеге асыратын идеялар мен жобалардың алаңына айналатынына сеніміміз мол.


Сіздердің осынау игі іске, жас қазақстандықтардың буынын – ММУ студенттері мен түлектерін дамытуға және тәрбиелеуге қосқан ізгілікті үлестеріңіз, Мәскеу университеті мен Филиалымыздың даму тарихында өзінің құрметті орнын алатынына сенімдіміз!


Үлкен құрметпен,

Филиал директоры

ММУ құрметті профессоры

А.В. Сидорович



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.