М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында ХХІ «Күзгі русистика мектебі» болып өтті


2024 жылғы 31 қазан мен 2 қараша аралығында ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасы Мәскеу университетінің филология факультетімен бірлесе отырып, Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен «Қазақстанда орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» атты ХХІ Күзгі русистика мектебін ұйымдастырды.

В этом году Осенняя школа русистики состоялась в уже ставшем традиционным смешанном формате и объединила более 400 учителей русского языка и литературы из разных городов Казахстана, а также Армении, Узбекистана, Кыргызстана и Словакии. Во все дни работы Осенней школы русистики была также представлена выставка «Учебники МГУ по филологии», посвященная 270-летию МГУ, подготовленная библиотекой Казахстанского филиала.

Свои приветствия Осенней школе русистики направили проректор МГУ имени М.В. Ломоносова Т.В. Кортава и и.о. ректора Государственного института русского языка имени А.С. Пушкина Н.В. Гусев.




Биыл Күзгі русистика мектебі дәстүрге айналған аралас форматта өтті және оған Қазақстанның әр қалаларынан, сондай-ақ Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және Словакиядан қосылған 400-ден астам орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жиналды. Күзгі русистика мектебінің күндерінде Қазақстан филиалының кітапханасы дайындаған Мәскеу мемлекеттік университетінің 270 жылдығына арналған «Филология бойынша ММУ оқулықтары» атты көрме де ұсынылды.

Күзгі русистика мектебіне  М.В.Ломоносов атындағы ММУ проректоры. Т.В. Кортава және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтының ректоры Н.В. Гусев өз қошемет сөздерін жолдады.

Күзгі орыстану мектебінің ашылу салтанатына ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ еңбек сіңірген профессоры А.В. Сидорович, Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Астанадағы «Русский дом»  директоры О.А. Филонова, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қазақстандық қауымдастығының президенті М.М. Аймағамбетова және ММУ филология факультеті деканы орынбасары Г.Е. Кедрова қатысты.

«Орыс тілі Қазақстанда ресми тіл болып табылады, бұл оның оқытылуына және мектеп мұғалімінің рөліне ерекше мән береді. Қазақстандағы орыс тілі мұғалімдерінің миссиясы ерекше: орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды басқа мәдениеттің орасан зор қабатымен таныстыру арқылы мәдениетаралық қарым-қатынастың негіздерін қалыптастырады. Күзгі русистика мектебінің  арқасында бұл мақсат негізінен орындалды», - деп атап өтті Қазақстан филиалының директоры Александр Владимирович Сидорович өзінің құттықтау сөзінде. Сондай-ақ директор  филология кафедрасына Күзгі русистика мектебін  құруы және дамытқаны үшін алғысын білдірді.

Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы Ольга Александровна Филонова Күзгі русистика мектебіне  қатысушыларды құттықтай келе,  оны өткізудің оқушыларға үйретудің жаңа түрлерін іздейтін заманауи мұғалім үшін маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті және барлық қатысушыларға жемісті жұмыс жасап, қызықты пікірталас пен жарқын әсерлер алуына тілегін білдірді.

Салтанатты ашылудың маңызды бөлімі Мәскеу университетінің мерейтойына арналған сөздер болды. Филология факультетінің мерейтойлық іс-шаралары туралы деканның қосымша білім беру жөніндегі орынбасары                           В.Г. Моисеева айтып берді. ММУ Қазақстан филиалының ММУ мерейтойына қызу дайындық үстінде екендігі туралы ММУ Қазақстан филиалы Директорының ғылыми жұмыс және тәрбие бойынша орынбасары Р.Ж. Абдильдина баяндады.

Секциялардың жұмыс жасауы барысында классикалық орыс әдебиеті мен Қазақстанның қазіргі орыс әдебиетін зерттеудің әдістемелік ерекшеліктеріне арналған ММУ және ММУ факультетінің жетекші оқытушылары баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге орыс тілін мектепте және студенттерге оқытудың ерекшеліктері; орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында бағалау критерийлері және оқу материалын іріктеу мәселелері жөнінде баяндамалар жасалды. .

Күзгі русистика мектебінің қорытындылаушы күні «Заманауи мектептегі жас мұғалім» атты әдістемелік семинар өтті, оған Қазақстан филиалының түлектері, Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Е.А. Еремина мен А.К. Асылхан қатысты. Ал «Филология» мамандығының 4-курс студенті А.Нообель педагогикалық тәжірибесі кезінде мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретіндегі алғашқы қадамдары туралы айтып берді.

 Мектептің осы қорытынды күнінің тағы бір маңызды оқиғасы – «Өзгетілді аудиторияда орыс тілін оқыту әдістемесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілуі болды. Оны жүргізген - ММУ филология факультеті шетел студенттеріне арналған орыс тілі кафедрасының доценті Е.Ю. Николенко. Баяндамашылар – Филиалдың бакалавриаты мен магистратурасының түлектері  Ж.Е. Аманбаева, Қ.А. Смотрина және Д.С. Мұқан. Дөңгелек үстел  орыс тілін шет тілі ретінде оқытуда қолданылатын дәстүрлі және инновациялық білім беру технологияларын талдауға арналды.

Мектептің салтанатты жабылуында Н.А. Иванова жетекшілігімен «Берегиня» студенттік фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Барлық қатысушыларға және сырттай тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

Күзгі орыстану мектебінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыс айтамыз!



Loading...