М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор А.В. Сидорович 2014 ж. 1-2 қазанында «Дубна» айрықша экономикалық аймағында (Дубна қаласы) өткен «Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру ұстанымдары мен тетіктері» атты V Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысты. Конференцияға мемлекеттік биліктің федералдық және өңірлік органдарынан, жергілікті басқару органдарынан, Ресей университеттерінен, мемлекеттік даму институттарынан, ғылыми ұйымдардан өкілдер, бизнес өкілдері, ғалымдар мен мамандар қатысты. Конференцияның маңызды бөлігі ғылыми-техникалық секциялар мен стенділік баяндамалар болды.
Александр Владимирович «Ресейдің инновациялық дамуындағы мемлекеттің рөлі» атты 3-секцияда «Ресей ұлттық инновациялық жүйесінің өзін-өзі ұдайы өндіру проблемалары» бойынша баяндама жасады.